Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қазақстаннан дәрігерлер кетіп жатыр

Кадрлардың кету себептері: мотивацияның тиімді тетіктерінің болмауы, психо-эмоционалдық стресс, кәсіби даму мүмкіндіктерінің болмауы, құқықтардың қорғалу деңгейінің төмендігі, әлеуметтік кепілдіктердің жеткіліксіздігі.

Сурет : golos.ua16 Қазан 2020, 14:40

Дәрігерлердің Қазақстаннан кетуінің негізгі себептерінің қатарына біліктілікті арттыру мүмкіндіктерінің аздығы және құқықтардың төмен деңгейде қорғалуы жатады, деп мәлімдеді брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев, деп хабарлайды zakon.kz.

- Жалпы кадрлардың сыртқа ағылуы туралы айтар болсам, 2019 жылы дәрігерлердің сыртқа кету көрсеткіші 5% -ды құраса, биылғы жылы бұл көрсеткіш шамамен 4% -ды құрады. Көбінісе дәрігерлер Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды ​​облыстарынан кеткені байқалады. Олар медициналық персоналдың сыртқы көші-қоны бойынша көш бастап тұр. Егер алдыңғы жылдармен салыстыратын болсақ, онда 2017 жылы - 1062, 2018 жылы - 1225, 2019 жылы 1212 медициналық қызметкер Қазақстаннан шетелге кеткен. Кадрлардың кету себептері: мотивацияның тиімді тетіктерінің болмауы, психо-эмоционалдық стресс, кәсіби даму мүмкіндіктерінің болмауы, құқықтардың қорғалу деңгейінің төмендігі, әлеуметтік кепілдіктердің жеткіліксіздігі, - деді Төсекбаев.

Оның айтуынша, талдау көрсеткендей, 2020 жылғы 10 қазандағы жағдай бойынша барлық деңгейді ескере отырып, жұмыстан шығарылған медицина қызметкерлерінің саны 31 129 адамды құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3% төмен.

- Негізгі себептер: қызметкердің бастамасы бойынша, тараптардың келісімі бойынша штаттарды қысқарту және басқа себептер бойынша. Басқа себептер бойынша бұл қайтыс болуына, мүгедектігіне және зейнетке шығуына байланысты атап өтіледі, - деді республикалық орталық басшысы.

Ресми мәліметтер бойынша медициналық білімі бар мамандардың ішкі көші-қоны 11 278 адамды құрады.

- Медицина қызметкерлерінің көші-қоны, әсіресе кейбір аймақтарда қосымша тапшылық тудыруы мүмкін. Олардың көпшілігі Алматыда, Нұр-Сұлтанда, Шымкентте және облыс орталықтарына шоғырланған. Медициналық персоналдың ішкі көші-қоны Түркістан облысында және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында байқалады, деп қорытындылады сөзін Төсекбаев.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер