Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Павлодар облысында алимент төлемеген тағы бір тұрғын пәтерінен айырылды

Борышкер бірнеше ескертуге қарамастан, ресми жұмысқа тұруға және баласына қаржылай көмектесуге асықпаған еді.

Сурет : Валерия Бугаева16 Қазан 2020, 16:24

2018 жылдан бастап борышкер Е.К-ның өз баласын асырауға 1,6 млн теңге мөлшерінде алимент берешегі жиналып қалған, деп хабарлайды zakon.kz.

Борышкер жеке сот орындаушысының алимент төлеу қажеттілігі туралы бірнеше рет ескертуіне қарамастан, ресми түрде жұмысқа орналасуға және баласына қаржылай көмектесуге асықпады.

Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу шоттарында жылжымалы мүлкі, ақшалай қаражаты болмады, алайда оның артында Екібастұз қаласында бір бөлмелі пәтер тіркелді.

Осыған байланысты Павлодар облысының жеке сот орындаушысы Екібастұз қалалық сотына жылжымайтын мүлікті өндіріп алу туралы ұсыныс енгізді.

Кейіннен, ағымдағы жылдың 16 қазанында электрондық аукционның қорытындысы бойынша жоғарыда аталған пәтер 3 008 460 теңгеге сатылды, алимент бойынша 1,6 млн теңге мөлшеріндегі қарыз толық көлемде өтелді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 2020 жылдың 30 қыркүйегінде Екібастұз қаласында алимент бойынша қарызы үшін 4 бөлмелі пәтер сатылған болатын.

Бұл жағдайда борышкер өз баласына шамамен 2.2 млн теңге қарыз.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 14 және 15 қазанында атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлердің автокөлік құралдарын ұстау және мамандандырылған тұраққа орналастыру бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.

Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша мамандандырылған тұраққа "Nissan Maxima" және "Mitsubishi Diamante" маркалы екі автокөлік қамалды.

Жоғарыда аталған көлік құралдарының иелері балаларына шамамен 3 млн. теңге қарыз.

Сонымен бірге борышкерлерге берешекті толық көлемде өтемеген жағдайда сот орындаушылар жылжымалы мүлікті берешекті өтеу есебіне өткізу жөнінде шаралар қолданатыны туралы түсіндірілді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер