Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысында аудан әкімдігінің шендісі жол ережесін бұзып, қамауға алынды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2020 22:27 Pixabay
Облыстық соттың баспасөз қызметі шенеуніктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы дерегін растады.

Әлеуметтік желіде Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің шенеунігі жасаған жол-көлік оқиғасы туралы хат жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері департаменті бастығының және полиция департаменті бастығының атына жолдаған үндеуде Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының бас маманы Б.К. мас күйінде көлік жүргізіп, Құрманғазы ауданы орталығында жол-көлік оқиғасының орын алуына жол берген. Шенеунік басқа көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан қашып, көлігін жеке үйдің ауласында жасырған. Хатта көрсетілгендей, жол-көлік оқиғасы кезінде мемлекеттік қызметкермен бірге көлікте әкімнің кеңесшісі және аудандық әкімдіктің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бастығы болған. Зардап шеккен жүргізуші аудандық полиция бөліміне арыз жазды, бірақ тергеу барысына көңілі толмай, ПД басшылығынан бұл істі өз бақылауына алуды өтінді.

Осы оқиғаның орын алғаны туралы ақпаратты анықтау үшін "АЖ" облыстық сотқа сауал жолдады. Соттың баспасөз қызметі шенеуніктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы дерегін растады.

- Құрманғазы аудандық сотының өндірісіне аудан әкімдігі аппаратының бас маманы Б. К.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-баптың 3-бөлігі бойынша (Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы), 590-бабы 4-бөлігі (Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару) және 612-бабының 3-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлік құралын басқаруы) бойынша үш әкімшілік іс келіп түсті, - деп хабарлады облыстық сотта.

Іс құжаттарына сәйкес, жол-көлік оқиғасы кезінде шенеунік бір ай бұрын жоғалтқан жүргізуші куәлігінсіз "Toyota Fortuner" жол талғамайтын көлігін басқарған.

8 қазанда Сот ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша Б.К. кінәлі деп танып, оны 10 тәулікке қамауға алды. Басқа екі бап бойынша істерді қарау 19 қазанға жоспарланды. Айта кету керек, сот ісінің құжаттарында шенеуніктің көлікті мас күйінде жүргізу фактісі көрсетілмеген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: