Мәжіліске жаңа Аппарат басшысы келді

26 Қазан 2020, 11:59
Сурет: Ж.Құспанов

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтті. Онда Палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібінің жобасын нақтылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәжіліс алдағы жалпы отырыста экологиялық заңнама саласындағы заң жобаларының топтамасын қарайды.

Депутаттар бірінші оқылымда Экологиялық кодекстің жобасын ілеспе түзетулермен, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы экология мәселелері бойынша кодексті заңнамалық өзгертулермен, сондай-ақ Салық кодексіне және экология мәселелері бойынша оны қолданысқа енгізу туралы заңға түзетулерді талқылайды.

Бірінші оқылымда депутаттарға бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер жобасын қарау ұсынылады.

Сондай-ақ, өңірлердің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіруге қатысты заңнамалық жаңалықтар да енгізіледі.

Бұдан басқа, Палата қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату, су қорғау белдеулері және жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қарайды.

Жалпы отырыста Палата бейінді комитеттері бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды. Атап айтқанда, ЕАЭО шеңберіндегі айналысының тәртібі және мұндай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары туралы келісім. Сондай-ақ, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімге түзету енгізетін заң жобасы бар.

Сонымен қатар Бюро отырысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Палата Аппаратының жаңа басшысы Дастан Махаевты таныстырды. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?