Қарағандыда ақшадан қысылған квартирант қыз ұят қылық жасады

26 Қазан 2020, 12:30
Сурет: ok.ru

Қарағандыда бір әйел өзі жалға алған пәтердегі теледидарды ұрлап кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

22 қазанда Қарағанды Полиция басқармасының Оңтүстік-Шығыс бөліміне қаланың 27 жастағы әйел тұрғыны хабарласты, арызын жазу үшін.

Ол екі күн бұрын өз меншігіндегі пәтерді бір әйелге жалға берген екен. Екі күннен кейін үйді тексеруге келген ол 100 мың теңге тұратын теледидарының жоғалғанын көрген.

Күдікті қылмыс ізі суымай жатып ұсталды. Ол да 26 жастағы жас келіншек екен. Жасаған ұрлығын мойындап отыр. Теледидар тәркіленді.

ҚР ҚК 188 бабы "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?