Жаңалықтар тізбегі
0

Көліктің түгі қалмады. Ақмола облысында екі адам жол апатынан көз жұмды

Ақмола облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2020 18:38 Ақмола облыстық ПД
Көлік тас жолдан ұшып кеткен.

Ақмола облысындағы көлік тас жолдан ұшып, жыраға құлап, өртенді, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат 26 қазанда болған. Түнгі сағат 2.30-да Ақкөл АІІБ кезекші бекетіне Азат ауылының маңында тас жолдан Mazda Cronos маркалы автокөлігі ұшып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2020 18:38

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары Азат - Степногорск тас жолының 6 шақырымында Степногорсктен Нұр-Сұлтан бағытына жол тартқан 28 жастағы Mazda жүргізушісі көліктің рөліне ие бола алмай, тас жолдан ұшып, жыраға ұшқан. Содан кейін ол өртеніп кетті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2020 18:38

Өкінішке орай, 28 жастағы жүргізуші мен оның 39 жастағы жолаушысы апат салдарынан сол жерде қайтыс болды. Бұл факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша, "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша қылмыстық іс қозғады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: