Талғар аудандық ауруханасы жекенің қолына өтіп кеткен

Талғар қаласы әкімдігі Талғар қаласы әкімдігі
Жергілікті әкімдік бұл жақсы нышан деп сендіреді.

Алматы облысы, Талғар қаласының әкімдігі аудандық аурухананы жеке меншікке беру туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Жергілікті тұрғындар аурухананың жеке қолға көшуіне байланысты жұмысшылар қысқарып, медициналық қызметтердің кейбір түрлері қолжетімсіз болып қалуы мүмкін деп алаңдайды.

Қалалық әкімдік "Талғар орталық аудандық ауруханасы" "A-Class Medical" ЖШС-нің сенімді басқаруына берілгенін хабарлады

Өткізіп беру шартын жасасу кезінде сенімгерлік басқарудың бизнес-жоспары бекітілді. Оған сәйкес, емдеу мекемесі қызметінің профилі сенімгерлік басқарудың барлық кезеңінде сақталады.

Олар сондай-ақ сараланған еңбекақы төлеу жүйесін енгізу арқылы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкерлердің жалақысын 20% өсіруге уәде берген.

Әкімдік денсаулық сақтау қызметкерлерінің қысқаруы ықтималдылығына қатысты қауесетті растаған жоқ. Керісінше, сапалы кадрлармен қамтамасыз ету деңгейінің кем дегенде 85% қамтамасыз ету жоспарланған.

Аудандық аурухана кешенін қайта құрылымдау, бірнеше бөлімді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз