Жаңалықтар тізбегі
0

Türkiye: Қазақстанмен әскери ынтымақтастық - Біріккен Тұран армиясын құруға жасалған қадам

turkiyegazetesi, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2020 16:20 turkiyegazetesi
Сарапшылар: "Тұран әскерінің құрылуы мүмкін бе" деген сауалға жауап берді.

"Түркияның ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акардың Қазақстанға сапары барысында Түркия мен Қазақстан арасындағы әскери дайындық және ынтымақтастық туралы келісім талқыланып, ол түркі мемлекеттерінің біртұтас армиясын құруға жасалған қадамдардың бірі ретінде қарастырылып жатыр" деп жазады шетелдік басылымдар, деп хабарлайды zakon.kz.

Inosmi порталы бұл ретте Тurkiye газетіне басылып шыққан сарапшылар пікірін алға тартады. Олар жақын күндері Тұран әскерін құру мүмкін бе деген сұраққа жауап беріп, Түркияның басшылығымен құрылуы күтіліп отырған бұл армияның барлық аймақтық және жаһандық мәселелерде үлкен рөл атқара алатындығына назар аударды.

- Бұл мәселе - түркі әлемінде және, әсіресе Түркияда мезгіл-мезгіл күнтәртібіне шығарылып отыратын жайт. Қарабақ соғысына байланысты Түркия мен Әзірбайжан арасындағы әскери ынтымақтастықтың нәтижелері бұл мәселеге басқаша өлшеммен қарауға уақыт келгенін білдіреді, - дейді профессор, доктор Kürşad Zorlu.

2013 жылы Түркия, Әзірбайжан, Қырғыз Республикасы және Моңғолия әскери құқық қорғау органдарының қауымдастығы дегенді құрып, жұртты дүр еткізді. Кейбіреуін бұл оқиға қорқытып та жіберді.

- Тұран әскерін құру - бұл өте маңызды мақсат және қазіргі уақытта көптің күтуіндегі, белгілі бір идеалды көрініс болып табылады. Бұл - ұзақмерзімді перспективада осы үміттің күшейе түсетіндігінің көрсеткіші. Қазіргі уақытта Түркі кеңесі аясында жалпы әскери әлеуетті нығайтуға назар аудару керек және техникалық ынтымақтастық саласындағы нақты қадамдарға көшу керек, - дейді ол.

Ол сондай-ақ қажетті ақыл-ой құрылымы қалыптаспай, халықаралық тепе-теңдік қолайлы деңгейге жетпей алдын ала мұндай жобалар жайлы көп айта берілетін болса, бұл процесс тумай жатып өлуі де мүмкін екенін баса айтты.

Хулуси Акардың пікірінше, Қарабақ үшін күрес лайықты деңгейге жеткенде, бұл түркі әлеміне үлкен мотивация береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: