Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин: Жаңа Кодекс - еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға арналған нақты қадам

Мәжілістің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2020 18:57 Мәжілістің баспасөз қызметі
Заң жобасын талқылауға депутаттармен қатар, осы саладағы кәсіби мамандар, сарапшылар, ірі өнеркәсіп өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалымен өткен жалпы отырыста депутаттар Экологиялық Кодекстің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ол қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік реттеу мен басқарудың неғұрлым тиімді және айқын жүйесін құруға бағытталған, деп хабарлайды zakon.kz.

Кодекс жобасы бойынша баяндама жасаған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевке депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, пікірлерін білдірді. Осы ретте, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин аталған Кодекс жобасы бойынша:

- Мәселен, Қарағанды облысының Ұлытау ауданының тұрғынының 5-10 тауығы бар делік. Оны декларациялау үшін ол облыстық табиғи ресурстар басқармасына баруы керек. Ал ол облыс орталығында орналасқан. Яғни, ол тіпті 5 емес, тіпті 1 тауығын декларациялау үшін 700 шақырымды жүруі керек. Кодексте осылай жазылған. Неліктен олай? Сіз кодексте "100 және одан төмен бас үшін" деп жазасыз. Оған, яғни, мал болсын, құс болсын кіреді. Ол санға 99 малды да, 1 малды да кіргізуге болады. Әлбетте бір табынның бір тауыққа қарағанда экологияға тигізетін әсері мол екенін алдымен түсініп алу керек. Заң жобасының осындай нормасын оқыған кезде ойлайсың, бұл норманы жазған адам ауылда болды ма, болмаған шығар? Шіркін, осы норманы жазған маманды екі-үш айға ауылға жіберсе ғой. Сонда тауық пен сиырдың айырмашылығын түсінетін болар, - деп ескерту жасады.

Осы мәселе бойынша жалпы отырыс барысында оған ілеспе заң жобасы да талқыланды. Депутат Тарас Хитуов Ұлттық экономика министрлігіне экологиялық төлемдердің еліміз өңірлерінің жергілікті экологиялық қажеттіліктеріне жүз пайыз бағытталуы туралы нормалар бар екенін айтып, сұрағын қойды. Сонымен қатар, бұл қаражаттың жұмсалу тәртібі мен нысаналы мақсаты көзделмегенін жеткізді. Сондықтан депутаттар экологиялық төлемдердің жергілікті бюджетке түсіп, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға ғана бағытталуы үшін түзетулер ұсынды.

Осы ретте, Нұрлан Нығматулин бұл норманың өте маңызды екенін алға тарта келіп:

- Көп болса да, аз болса да, экологиялық төлемдер жергілікті бюджетке түседі. Одан кейін - ол ақша қайда, қандай мақсатқа жұмсалады, оны бір Құдай біледі.Жасыратыны жоқ, сол ақша экологиядан басқа да шараларға жұмсалатын жағдайлар болады. Енді осы Заң жобасына сәйкес, экологиялық төлемдер тек ғана қоршаған ортаны қорғау шараларына жұмсалатын болады. Түскен ақшаның 100 пайызы. Бұл өте дұрыс, өте қажетті деп ойлаймын. Сондықтан, бұл норманы қолдау керек, - деді.

Осыған сәйкес, Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, жалпы Экологиялық Кодекс Мәжіліс мақұлдаған заң жобалары қатарына тағы бір өте маңызды құжат. Бұл Кодекс бойынша депутаттар жылдың басынан бері көптеген отырыстар, талқылаулар өткізген. Заң жобасын талқылауға депутаттармен қатар, осы саладағы кәсіби мамандар, сарапшылар, ірі өнеркәсіп өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.

Осы өзекті мәселені қорытындылау барысында:

- Өздеріңізге белгілі, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Экологиялық Кодексті жыл соңына дейін қабылдау туралы нақты тапсырма берген болатын. Осыған орай, депутаттар осы саладағы проблемаларды шешуге, сонымен бірге, экологияны таза ұстауға, қорғауға, және табиғи байлықтарды сақтауға қатысты маңызды нормаларды енгізді - деп, жаңа Кодекс - заманға сай технологияларды пайдалана отырып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға арналған нақты қадам екенін атап өтті.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: