Жаңалықтар тізбегі
0

Кәсіпкерлік гранттарын "Мәке, Сәкенің" адамдары алып кетті

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2020 17:15 видеодан кадр
Бюджеттен бөлінген 70 млн теңгені 45 адамға бөліп берген.

Мәке, Сәкенің адамдары алды! Ақтөбеде "Бизнес бастау" жобасына қатысқан келіншектер шу шығарды. Олар кәсіпкерлік курсын оқып, бизнес-жобаларын қорғап, жеме-жемге келгенде қайтарымсыз гранттан қағылғандарын айтады. Кәсіпкерді қолдауға берілетін жарты млн теңге шын мұқтажға емес, кім көрінгенге берілді деп кінә артты. Қайтарымсыз 550 млн теңге кімге бұйырды? Наразы топтың "Мәке, Сәке" деп отырғаны кімдер? Бұған шенділер не дейді?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Айқай-шу "Бизнес-бастау" жобасы аясында қайтарымсыз берілетін 550 мың теңгеден шықты. Жобаға кәсіпкерлік курсын тәмамдаған 250 адам қатысқан. Бірақ, жарты миллион 45 адамға ғана бұйырыпты. Осыдан кейін комиссияның шешіміне күмән тудырғандар да бар екен. Сол грантты ұтып алғандардың тізімін көрсетсін деп талап етіп, қалалық әкімдікке келді.

Ақмарал Жұмағалиева, тұрғын:

Мал ұстайын деп ешкі шаруашылығына жаздым. Мен бүйтіп ойлаған жоқпын. Ұтатын шығармын, берілетін шығар деп.

Лалагүл Нұрымбетова, тұрғын:

Көзіміздің алдында жас келіншек келіп, менің жобам өтті деп кетті. Көпбалалы емес, екі балам бар дейді. Инвалид емес, мысалы. Сонда әділеттік қайда? Үміттеніп, аламыз деп қаншама дайындалдық. Ательемді жалдайтын кісілермен сөйлесіп қанша жүрдім?!

Жиналған аналардың бәрі бес минутсыз бизнес-ханымдар. Арасында мүгедектігі барлары, көпбалалы аналар бар. Дәріс барысында кәсібіңді ашу үшін мемлекет тарапынан берілетін грантты ұтуға мүмкіндігің бар деп үміттендерген. Бірі шаштараз, енді бірі мал шаруашылығы, тігін цехын ашсам деп жобаларын ұсынған. Арасында екі жылдан бері бизнес жобасын ұсынып, жорлы болмағандары да бар.

Нұргүл Жұмағалиева, тұрғын:

Ұта алмадым, кеше жауабын айтты, ұтқан жоқсыз деді. Енді сол өзім дайындап қойғанмын арендамен келісіп. Ол кісілер де звондап жатыр. Списокты бермей тұр!

Саягүл Тілеубергернова, тұрғын:

Бізге 45 адам ұтты деді. 45-тің барлығы инвалидтер болса біз ештеңе демейміз. Оның ішінде Мәке-Сәкемен кетіп қалғандар көп деп ойлап тұрмыз. Енді бізге соның хотя бы әлеуметтік желілерге таратсын тізімін, иә болмаса қолымызға берсін. Біздің талабымыз сондай.

Грант жеңімпаздарының тізімін таба алмаған соң қала әкімі Шахаровтан сұрауға келіпті. Бірақ наразы топпен әкім емес, оның орынбасары мен сол комиссияның құрамында болғандар келді. "Мәке, Сәке", өз адамы деген құр жала жабу, ал таңдауды комиссия мүшелері жасады деп түсіндірді.

Мақпал Тұрағамбетова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

Өз адамы дейтін может прозвучить грубо, менің тумам жоқ, туысым жоқ. Ондай болуы мүмкін де емес. Себебі әрбір комиссия мүшесі өзінің таңдауын жасайды. Сосын дауыс беріледі.

Жеңімпаздарды 12 адамнан тұратын комссия анықтаған. Арасында ауылшаруашылық бөлімі, депутаттар, "Атамекен" және әкімдік өкілдері бар.

Гүлназ Сисенова, қала әкімінің орынбасары:

Келесі жылға бюджетті бекіткеннен кейін біз тағы да одан әрі жалғастыра береміз. Сондықтан, биыл үлгермегендер келесі жылы да документтерін тапсыра алады.

Бюджеттен бөлінген 70 млн теңгені 45 адамға бөліп берген. Қала әкімінің орынбасары жиналғандарды алдағы жылы мол қаржы бөлеміз деп жұбатты. Ал кәсіпкерлік курсын тәмамдаған соң алған сертификаттары үш жылға жарамды. Биыл жолы болмағандар келесі жылы тағы да бағын сынап көрсін деп кеңес берді. Ал 45 адамның тізімін жариялау туралы ешкім тіс жармады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: