Жаңалықтар тізбегі
0

Билікке байқау керек. Қара халық ақылы тұрақтарға іштей қарсы

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2020 22:44 видеодан кадр
Адамның жағдайына қарау керек. Оны көбісі төлей алмайды.

Алдағы уақытта бас қаладағы ақылы автотұрақтардың саны 10 есеге артады. Себебі, қазынаға түсетін пайда көл-көсір. Одан бөлек, тәртіпке бағынбайтын, жол ережесін елемейтін жүргізушілерді тезге салатын "Дозор-М" деген жүйе іске қосылды. Ол "Сергекпен" бірқатарда жұмыс істейді. Қырағы аппарат ақылы тұрақ маңында бақылау жүргізетін көліктерге орнатылған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Елордалық жүргізушілердің соңғы уақытта ауыспалы мағынада тыныстары тарылып барады. Себебі, қолданыстағы 500 ақылы тұрақтың жанына қосымша 5000 тұрақ қойылмақ. Ол да ақылы болады. Ал, әр көшенің бойында мынадай ақыны төлейтін паркоматтар орнатылған. Бірақ, бұл жерде монеталарды қабылдайтын ұяшық болғанымен, қағаз ақшаларды қабылдайтын жер жоқ. Сондықтан, жүргізушілер төлем жағынан қиындықтарға тап болады. Ал, жауаптылар бұл жөнінде онлайн түрде төлем жасауға шақырғанымен, ол жүйені көбісі біле бермейді.

Мүлдем керек емес. Адамның жағдайына қарау керек. Оны көбісі төлей алмайды. Не үшін жасайды оны?

Ия. Ақылы автотұрақтар керек. Қалада тәртіп орнайды. Біреулер екі суткаға машинасын қойып кетеді. Ол жүруге мешать етеді. Скорый помощь келетін болса, ол жолды бөгеп тұрады. Сондықтан, ақылы болсын.

Ақылы тұрақтар керек емес. Біреулер тек қана 5-10 минутқа қойып кетеді. Ал, көлікті алып кетеді. Шығын ғой.

Бас қаладағы бірқатар тұрақтар ақылы болғалы екі жылда жауаптылар 500 млн теңгеден астам пайда тауыпты. Бұл тек, көлігін жол жиегіне қойып кететін бейғам жүргізушілердің айыппұлынан түскен. Бұл ақша бюджетке жіберіледі екен. Ал, төлемнен келген қаржы тұрақтарды күтіп баптау мен қызметкерлердің жалақысына жұмсалатын көрінеді.

Лаура Сәбитқызы, тұтынушыларды қолдау бөлімінің басшысы:

Жалпы, ақылы тұрақтардың іске қосылған күннен бастап, 2018 жылдан бастап қазіргі күнге дейін 200 мыңға жуық айыппұл салынған. Оның ішінде 2019 жылы жалпы сомасы 176 млн теңге. Биылғы 9 айда қаңтардан қыркүйекке дейінгі уақытта 91 млн теңгеге айыппұл салынған.

Көлікті қоюға болмайды. Бұл жерде дәл осындай белгі орнатылған. Бірақ, оны елеп-ескеріп жатқан ешкім жоқ. Біз қазір, арнайы автотұрақты бақылайтын мамандармен бірге рейд жүргізіп жатырмыз. Олардың көліктеріне қазір "Дозор-М" деген қондырғы орнатылған. Біз қазір, мына жолдың бойында тұрған жүргізушілер заң бұзушылықтар жөнінде біле ме екен? Соны біліп көрейік. Здравствуйте. Вы знаете что эта машина вас снимает, и вам завтра придет штраф? Не знаете да? Бұл көлік жүргізушісі білмейді екен. Дереу бұл жерден кетіп қалды. Бірақ, тым кеш. Өйткені, арнайы көліктер оның нөмірін суретке түсіріп алды".

Дәл мына аппараттың "құрығына" түскен көліктердің мемлекеттік нөмірі тікелей әкімшілік полицияның базасына жіберіледі. Ал, тәртіп сақшылары темір тұлпардың иесін анықтап, одан әрі шара қолданады.

Бауыржан Тоқжұманов, қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

Бұл "Дозор-М" деген арнайы автоматты түрдегі автомат автокөлікке орнатылған. Ол автокөлік GPS навигатормен жабдықталған. Яғни, ол біздің ҚР Әкімшілік кодексінің 601 бабы бойынша және 597 бабы бойынша әкімшілік айыппұл салынады.

Алдағы уақытта, сол жағалаудан бөлек, қаланың ескі бөлігіндегі тұрақтар толықтай ақылы жүйеге көшеді. Мамандардың сөзінше, бұл мегаполиске тән құбылыс. Себебі, шаһарда қазір мың адамға 250 ғана тұрақтан келеді екен. Ал, ережені елемеген жандар бюджет қорын толықтырып жатқанын ескерсек, тұрақтардың саны артпаса азаймайтыны түсінікті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: