Алматы маңындағы демалыс орындарының бірінде болған атыста жараланғандар бар

2 Қараша 2020, 11:43
Сурет: Pixabay

Дәрігерлер Алматы маңындағы демалыс орнында кезінде жараланған адамдардың денсаулығы туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Екі жарақат алған адам №4 қалалық клиникалық ауруханасында жатыр. Олар Іле ауданынан 31 қазанда келіп түсті.

- Қазіргі уақытқа дейін науқастардың жағдайы ауыр, орташа болып бағаланады. Емдеу хаттамаға сәйкес толық көлемде жүргізіліп жатыр, - дейді No4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Анарбек Моңғол.

Оқыс оқиғаның видеосы алдында әлеуметтік желілерде жарияланған.

Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға биылғы жылдың 31 қазанында сағат 16.00 шамасында Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерк ауылындағы демалыс орындарының бірінде болған. Полицияға бейтаныс адамдардың қару кезеніп, кісі өлтірмек болғандығы туралы ақпарат түскен. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша адам өлтіруге оқталу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерді анықтауға және оларды ұстауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралар кешені ұйымдастырылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?