Санитарлық жаңа талап өскемендіктер арасында дүрбелең туғызды

2 Қараша 2020, 16:06
Сурет: vlast.kz

Өскеменде COVID-19-ға ПТР-тест тапсыратын орындарда ұзын-сонар кезек қалыптасты. Cебебі бүгіннен бастап ұшақ пен пойызға тек қолында ПТР-анықтамасы барлар ғана отыра алады, деп хабарлайды "Хабар-24".

Жүздеген жолаушы телефонына "тест нәтижесі қолыңызда болсын" деген хабарлама келіп, түсіп жатыр. Ал қалада тек бір жерде ғана ондай зертхана жұмыс істеп тұр. Оның үстіне ескертулер тым кеш түскен. Қазір жолға шығамын деушілер жалғыз зертхананың алдында топырлап тұр. Арасында жас та, кәрі де бар. Санитарлық қауіпсіз қашықтық туралы да айтуға келмейді. Тестті тапсырғанның өзінде оның нәтижесін күтуге тағы да уақыт керек. Біреуге бір күн, енді біреуге екі күн.

Осындағы тұрғындардың сөзінше, жедел тест нәтижесі керек болса, 20 мың теңге төлеу керек екен. Бұған екінің бірінің қалтасы көтермесі анық. Осылайша сапарға жиналған жолаушылар алған билетіміз күйіп кете ме деп алаңдайды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?