Атырауда бір топ азамат "Халық алғысы" медалімен марапатталды

2 Қараша 2020, 16:20
Сурет: Атырау облыстық ОКҚ

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пандемиямен күресте елеулі еңбек еткен бір топ атыраулықты "Халық алғысы" медалімен марапаттады, - деп хабарлайды zakon.kz Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Марапатқа ие болғандар қатарында медицина, құқық қорғау салаларының қызметкерлері болды. Облыс әкімі азаматтарға коронавирус инфекциясымен күрестегі қажырлы еңбектері үшін ризашылығын білдірді.

- Жалпы коронавирус індеті бүкіл әлемге, оның ішінде елімізге де үлкен сынақ әрі сабақ болғаны жасырын емес. Сын сәтте аянбай еңбек еткен медицина қызметкерлері мен еріктілердің жасаған ерліктерін айырықша бағалаймыз. "Бірлік – тірлікке күш береді", - деп тегін айтылмаған. Құрметті медицина саласының мамандары! Сіздердің ерлікке толы еңбектеріңізді әрқашан жоғары бағалаймыз. Тәжірбиелеріңіз бен қызметтеріңізге адалдықтарыңыз қауіпті індетті жеңіп шығатынымызға сенім береді. Ал ел аумағына төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап ішкі істер органдарының барлық жеке құрамының қызметіне ерекше жауапкершілік жүктелді. Азаматтардың қауіпсіздігін қорғап, қоғамдық тәртіпті бақылап, індеттің жолын кесуге күш салдыңыздар. Күн демей, түн демей, тәулік бойы қызмет еткендеріңіз бәрімізге белгілі. Осындай ерен еңбектеріңіз үшін сіздерге барша атыраулықтардың атынан арнайы алғысымды білдіремін, - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес, 181 атыраулыққа "Халық алғысы" медалі берілді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?