ШҚО-дағы ПТР-зертханалар алдындағы кезекке қатысты құзырлы орган түсініктеме берді

2 Қараша 2020, 17:38
Сурет: 24tv.ua

Шығыс Қазақстан облысының қалаларында ПТР-тест тапсыру үшін ұзын-сонар кезек пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның видеолары желіде пайда болды.

Бұл жағдайға байланысты Шығыс Қазақстан облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті түсініктеме берді. Олар мұндай зертханалар маңында дүрбелең туғызудың пайдасы жоқ екендігін баса айтады.

- Бүгінгі күні әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде Өскемен мен Семей қаласының тұрғындары кезектің кесірінен ПТР-тестіні уақытылы өте алмағаны туралы ақпарат тарады. Шынында да, мұндай жағдайлар түскі 12-ге дейін болған. Біздің департамент бұл мәселені шешті, содан кейін кезектер азайды. Ертеңнен бастап Өңірлік репродуктивті медицина орталығы және InVitro + COVID-19 үшін материал жинауға арналған қосымша пункттер ашады, - деп түсіндірді ШҚО Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментіндегілер.

Департамент сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының аумағында жалпы көлемі тәулігіне 7 мыңнан астам зерттеу жүргізетін 10 зертхана зерттеулер жүргізетіндігін, сондықтан біреудің сынақтан өтіп үлгермеуі туралы алаңдаудың еш қажеті жоқ екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта күніне орта есеппен 2000-2200 ПТР-тест өткізіледі. Өскеменде 5, Семейде 4 зертхана бар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?