Полицейлер үйінен кетіп қалған жасөспірімді тауып, анасына тапсырды

3 Қараша 2020, 15:18
Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Ескелді ауданының тәртіп сақшыларынан көмек сұраған 12 жастағы жасөспірімнің анасы ұлының белгісіз бағытта кетіп, әлі оралмағанын хабарлаған. Жедел іздестіру шаралары барысында 2008 жылы туған бала анасымен ренжісіп, таңғы 07-30 шамасында киімдерін жинап, үйден кетіп қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

"Жасөспірімнің мекенжайын анықтау үшін кеңауқымды іздестіру шаралары ұйымдастырылып, іздеу жұмыстарына жеке құрам толығымен жұмылдырылды. Нәтижесінде іздеудегі бала Текелі қаласында тұратын досының үйінен аман-есен табылды. Үйіне жеткізіліп, анасына тапсырылды. Жасөспірімнің ақыл-есінің дамуында ақау бар екенін ескеріп, баламен және оның анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді",- деді Ескелді ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Нұрлан Солтубеков.

Өз кезегінде "бауыр еті – баласының" аман-есен табылғанына қуанған анасы тәртіп сақшыларына алғысын жаудырды. Жасөспірімнің жақындары қайғылы жағдайларға әкеп соғуы мүмкін мұндай әрекеттің алдын алу үшін барлық шараларды қабылдайтындарын айтып сендірді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?