Қазақстан Президенті Венадағы террористік актіге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.
"Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды. Австрия Үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек", деп жазды Президент Твиттерде.
3 қарашада Венада бірнеше жерде қарулы шабуыл орын алды.
Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды. Австрия Үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) November 3, 2020
Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?