Жұмыспен қамтудың жол картасы: Туған ауылындағы жолдарды жөндеді

3 Қараша 2020, 16:45
Сурет: Бақтыгерей Молдыбатыровтың жеке мұрағатынан

Жыл басынан бері Жұмыспен қамтудың жол картасы 207 мың қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Олардың әрқайсысы үшін мемлекет тарапынан еңбекпен қамтуда көрсетілген қолдау нағыз қысылтаяң сәтте нақты көмек болғаны анық.

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Т.Жүргенова ауылының тұрғыны Бақтыкерей Молдыбатыровпен Zakon.kz тілшісі әңгімелесті.

Бақтыкерей Молдыбатыров - Жұмыспен қамтудың жол картасына қатысушы. Ол өмір бойы тепловоз жүргізіп келгенімен, соңғы бірнеше жыл жұмыстан босап, үй шаруашысына ден қойды. Алайда, тынымсыз жұмысқа дағдыланған ауыл азаматының айтуынша, қол қусырып көп отыра алмай, аудандық жұмыспен қамту орталығына жүгінуге шешім қабылдаған.

Аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелдім. Содан осы жазда маған қоңырау шалынып, Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша біздің ауылда жолдарды жөндеуге қажет жұмыс орындары ашылып жатқанын айтты. Мен қуана келістім, - дейді Бақтықерей аға.

Ол Жұмыспен қамтудың жол картасының басқа қатысушыларымен бірге Т.Жүргенов кентіндегі жолдарды ағымдағы жөндеуге кірісті. Кейіпкерімізді жұмысшылардың арасында үлкені болғандықтан әрі жауапкершілігмен танылғандықтан, бригадир етіп тағайындады.

Барлығы біздің команда 5 көшедегі жолдарды жөндеді, үйлесімді және тиянақты жұмыс жасадық. Негізі барлық жігіттер жас, бірақ 1,5 ай жұмыс істеген сәтте тіл табысып, өте жақсы дос болып кеттік. Барлығымыз үшін, әсіресе осындай қиын уақытта, Жұмыспен қамтудың жол картасына атсалысу зор демеу болғаны даусыз. Мен, мысалы, өз жалақымнан қыста малға жем сатып аламын. Дәл зәру сәтте қажетті ашқан бағдарлама болды, - дейді ауыл тұрғыны.

Ер адамның айтуынша, ол келесі маусымда да Жұмыспен қамтудың жол картасына қатысуға ниетті. Оның үстіне, мердігерге бригаданың жұмысы ұнады.

Аллаға шүкір, әлі денсаулық бар. Ал ақша ешқашан артық болмайды. Ауыл тұрғындары үшін 85 мың теңге жалақы өте жақсы табыс, - дейді Бақтықерей аға.

Бәрінен бұрын ол өзінің туған ауылындағы жолдардың жөнделгеніне және бұл іске үлесін қосқанына қуанышты. Отағасын үйдегілердің бәрі ерекше мақтан тұтуда.

2020 жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Ақтөбе облысында 303 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 45 миллиардтан астам теңге қарастырылғанын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда Жұмыспен қамтудың жол картасының жобалары бойынша 11 мың адам жұмыспен қамтылды, оның жартысынан көбі Жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары арқылы орналасты.

Жұмыспен қамтудың жол картасы пандемия кезінде мемлекеттің дағдарысқа қарсы негізгі шараларының біріне айналды. Жоба аясында жаңғырту жобалары мен инфрақұрылым нысандарының құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және елдімекендерді абаттандыру аясында жаңа жұмыс орындары ашылды. Жалпы алғанда, 2020 жылы, Жұмыспен қамтудың жол картасы тұрғысында республикада 6,7 мың осындай жоба жүзеге асырылуда.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?