"Қызыл аймаққа" енген ШҚО-да коммендаттық сағат енгізіле ме - ресми өкіл жауабы

3 Қараша 2020, 17:51
Сурет: алтайньюс

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 10521-ге жетті. Өңір Covid-19 инфекциясының таралу қарқыны бойынша қауіпті "қызыл аймаққа" кірді. Облыстық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев 2 қарашадағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Алтайньюс.

– 2020 жылдың 1 қазаны мен 2 қарашасы аралығында облыс бойынша 1681 рейд жүргізілді, 9321 нысан қамтылды. Анықталған санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша 381 айыппұл салынды. Мониторингтік топтың жұмысы жалғасуда. Облыста тәулігіне 7 000 зерттеу талдамаларымен жұмыс істей алатын 10 зертхана қызметін үздіксіз атқаруда. Бұл біздің өңірге артығымен жеткілікті. Қазіргі уақытта тәулігіне орта есеппен 3000-ға дейін зерттеу жүргізілуде. ПТР тестілерінің тапшылығы жоқ. Ал бүгінде облыста 78 мың тест бар. Бұл кем дегенде 3 айға жеткілікті және оларды үнемі толықтырылып отырады.

Өздеріңіз білетіндей, әлемнің көптеген елдерде қатаң локдаундар енгізілген. Испанияда төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат енгізілді, шектеулерді 2021 жылдың мамырына дейін ұзарту жоспарлануда. Ирландияда 6 қазаннан бастап қайта локдаун енгізілді. Үйден бес шақырымға ұзауға тыйым салынып, барлық кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылды. Францияда 1 желтоқсанға дейін коменданттық сағат енгізілді. Германияда қайта карантин енгізілді. Қонақ үйлер, тамақтану орындары жабылды.

Ал біздің облыста тек жұмсартылған шектеулер енгізіледі. Біз кәсіпорындарды жаппаймыз және коменданттық сағат енгізбейміз. Өңірде енгізілген барлық шектеу шаралары адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған. Біз азаматтардың осы шектеу шараларына жауапкершілікпен қарап, түсіністік танытарына сенеміз, – деді Талғат Тұңғышбаев.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?