Төрт күзетші вагоннан 40 млн теңгенің алюминийін ұрлап кетті

4 Қараша 2020, 10:20
Сурет: alibaba.com

"Осы жылдың жазында Көліктегі полиция департаментіне қазақстандық кәсіпорындардың бірінің өкілінен жылжымалы құрамнан 32 000 килограмнан астам "алюминийдің" ұрланғаны туралы өтініш келіп түсті", деді Департамент бастығы Оңал Бекеев, деп хабарлайды zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оңал Бекеевтің айтуынша, ағымдағы жылдың 26 қазанында көлік полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ірі көлемде ұрлық жасағандары үшін Павлодар қаласының бес тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктілердің төртеуі темір жол күзетінің қызметкерлері, ал олардың бесіншісі жүк сатып алушы болып шықты.

"Келтірілген шығын сомасы 40 миллион теңгеден асты. Ұсталғандар осы қылмысқа қатысы бар екендіктерін мойындады. Күдіктілердің үшеуі Павлодар қаласы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал екеуіне қатысты ешқайда кетпеу туралы - бұлтартпау шарасы қолданылды. Заттай айғақтар тәркіленді. Қазіргі уақытта осы оғиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2 және 3-тармақтарымен, яғни, бірнеше рет; тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеру жұмыстары жүргізілуде", - деп түйіндеді сөзін полиция полковнигі.

Еске сала кетейік, осы жылдың басынан бері Көліктегі ПД-де 350-ге жуық бөтен мүлікті ұрлау, оның ішінде 21 жылжымалы құрамнан жүкті ұрлау фактілері тіркелген.

Жалпы ашылу деңгейі 80% - дан асады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?