Тағы бір облыста адамдар ПТР-анықтамасыз ешқайда жіберілмейтін болды

Алматы әкімдігі Алматы әкімдігі
Оған өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы түрткі.

ПТР-анықтамасыз Солтүстік Қазақстан облысынан шықпақ жолаушылар ұшаққа да пойызға да отырғызылмайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, СҚО - ПТР-анықтама міндетті түрде талап етілетін еліміздегі екінші өңір.

- 9 қарашадан бастап Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстанның басқа аймақтарына әуе немесе теміржол көлігімен сапар шегетін жолаушыларда COVID-19-ды жоққа шығаратын ПТР-тесттің анықтамасы болуы керек. Оның жарамды мерзімі - алған күннен бастап 3 күннен аспайды. Бұл талап 5 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды, - деді Байғабылов.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының аумағын басып өткенде жолаушылар пойыздарының тоқтауына тыйым салынады және вагондар арасында жолаушылар қозғалысына шектеу қойылады.

Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстанның басқа аймақтарына ұшып келген ұшақ жолаушыларының ПТР-анықтамасы әуежайда тексеріледі. Сол сияқты, тексеру теміржол көлігінде де жүзеге асырылады. Жолаушыларды басқа адамдардың әуежай мен теміржол вокзалы ғимаратына шығарып салуға немесе еріп жүруге рұқсат етілмейді, ғимаратқа билеттері бар жолаушылар ғана кіргізіледі, - дейді ол.

Егер ПТР-анықтамасы жоқ жолаушылар анықталса, тасымалдаушыларға әкімшілік шаралар қолданылады. Айыппұл көлемі - 1600 АЕК. Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің тиісті қаулысы веб-сайтта жарияланып, тиісті ұйымдарға орындауға жіберіледі.

Осындай шектеулер ШҚО-ға да қатысты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз