Автокөлігін жолдан алысқа қойған елордалықтар паркоматқа бекер ақша төлеп келген

5 Қараша 2020, 10:33
Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Елорда тұрғындары үшін "Нұржол" бульварынан басқа, қалалық көше мен жол желісі бойында орнатылған "Парковочное пространство Астаны" ЖШС-нің автотұрақтары үшін төлем жасаудың қажеті болмаған, сондықтан онда салынған ақша елорда тұрғындарына қайтарылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының бөлім басшысы міндетін атқарушы Марат Есеркепов мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Сіздерге "Парковочное пространство Астаны" ұйымының паркоматтары жұмыс істемеуі керек екенін хабарлаймыз. Олар ресми рұқсат алмаған. Азаматтарға Нұржол бульварын қоспағанда, бұл орындарға ақы төлеудің қажеті жоқ. Паркоматтарды пайдалануға рұқсат алынбағандықтан, қалалық бюджетке қаражат түспеген, ал іс жүзінде адамдар серіктестіктің рұқсат етілмеген паркоматтарына ақша төлеген кезде, ақша серіктестіктің өзіне аударылған", - деп түсіндірді Марат Есеркепов.

Көлік басқармасы мемлекеттік кірістер департаментіне аталған ЖШС-ға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдау мақсатында хат жолдады.

"Қазіргі уақытта біз мемлекеттік кірістер департаментінің шешімін күтіп отырмыз, жауап алғаннан кейін төлем қарастырылмаған тұрақ орындары үшін алынған қаражатты қайтару механизмі туралы қосымша ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады", - деп түсіндірді спикер.

Еске салайық, Нұр-Сұлтан әкімдігі келісімшарттық міндеттемелерді орындамағаны және талаптарды елемегені үшін сотқа "Парковочное пространство Астаны" ЖШС-мен келісімшартты бұзу туралы арыз берген. Жабдықты бөлшектеу қажеттілігі туралы серіктестікке бірнеше рет хабарлама жіберілді, өтініштер еленбеді. ЖШС-нің бірнеше бұзушылықтары мен тұрғындардың шағымдарына байланысты елорда әкімдігі жобаны кеңейтуді тоқтата тұру туралы шешім шығарып, келісімшартты бұзу туралы сотқа арыз берді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?