Коронавирусты қайта жұқтырмау үшін не істеу керек – маман пікірі

5 Қараша 2020, 12:28
Сурет: Pixabay

Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру дерегі анықталды. Адамдар қандай жағдайда коронавирусқа екінші рет шалдығады? Бұған Almaty.tv арнасына берген сұқбатында пульманолог-фтизиатр дәрігер Абзал Малбасқанов жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

– Өкінішке қарай, иммунитеттің үш түрі болады: қысқа мерзімізді, ұзақ мерзімді және мәңгілік. Коронавирус кезінде мәңгілік уақыттағы болған жоқ және ұзақ мерзімді де болған жоқ. Бұл сұрақты көбінесе сырқаттанған адамдар және солардың туыстары, ауырмаудың амалын іздеп жүргендердің барлығы қойған. Батыс елдерінде қазіргі болып жатқан жағдайлар, жалғыз Қазақстанда емес, сол кісілердің арасында бұрын ауырған адамдар қазір қайтадан ауырғаны жиі тіркелуде. Бұл дегеніміз иммунитеттің тұрақты қалыптаспайтынын көрсетеді. Бұл дегеніміз қысқа мерзімді иммунитет. Яғни, егер де осы вируспен қайтадан бетпе-бет кездесетін болсақ, қайтадан ауыру қауіпі жоғары болады.

Сондай-ақ дәрігер бетперденің КВИ-ден қорғаудағы тиімділігін де атап өтті.

– Қазіргі кезде ең тиімді тәсілдердің бірі – бетперде тағу. Вируспен бетпе-бет келген күннің өзінде көп мөлшерде бетперде ұстап қалады. Сіздің ағзаңызға вирус аз мөлшерде түссе, оны ағза тез жеңіп шығады және де арақашықтықты сақтау, қоғамдық орындарда көп жиналмау, той-томалақты, басқа да жиындарды азайтқанымыз дұрыс болады. Себебі қазақта айтады ғой, «өгізге туған күн бұзауға да туады» деп. Сол Еуропада болып жатқан карантин режимі бізде де болмас үшін, біз өзіміз әлеуметтік жауапкершілігімізді жоғарылатуымыз керек.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?