Доллар бағамы "сабасына түсе бастады"

rg.ru rg.ru
Доллар құны тағы 0,47 теңгеге арзандады.

Қазақстан қор биржасы (KASE) сағат 11: 00 уақыты бойынша доллардың орташа бағамы 0,47 теңгеге төмендеп, 431,67 теңгені құрады деп ақпарат таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақша айырбастау пункттерінде АҚШ-тың 1 доллары 429,5/433,5 теңгеден, евро 506/509 теңгеден, Ресей рублі 5,5/5,59 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада доллар бағамы айтарлықтай өсіп, осы аптаның дүйсенбісінен бастап ол қайта төмендей бастады.

Сонымен қатар, апта басынан бері әлемдегі жетекші қор биржаларында мұнай бағамы айтарлықтай өсті. Бүгін, 5 қарашада, керісінше қара алтынның бағасы төмендей бастады.

Осылайша, WTI шикі мұнайының желтоқсандық фьючерстері 1,92% -ға төмендеп, бір баррелі 38,40 долларды құрады.

Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстері 1,92% төмендеп, бір баррелі 40,44 доллар болды

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз