Еліміздің тағы бір қаласын айналдыра блок-бекеттер қойылады

5 Қараша 2020, 14:25
Сурет: qazaguni.kz

Қостанай облысында карантин күшейтіліп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы облыстағы жедел штаб мәлімдеме жасады.

- Соңғы күндері аймағымызда КВИ ауруына байланысты эпидемиологиялық жағдай күрделене түсуде. Осыған байланысты COVID-19-дың одан әрі таралуын болдырмау үшін облыстық жедел штаб карантиндік шараларды 2020 жылдың 9 қарашасынан бастап екі апта мерзімге күшейту туралы шешім қабылдады, - делінген штабтың хабарламасында.

Шешімге сәйкес мынандай шаралар қабылданды:

- Қостанайда карантинді қаланың периметрі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын басып өтетін автокөлік өжолдарында өткізу пункттерін белгілей отырып енгізеді;

- КВИ ауруының тәуліктік өсімі 10 жағдайдан асатын елді-мекендерде санитарлық бақылау пункттерін құру;

- жүк көлігі мен жолаушылардың Қостанай облысына ПТР-анықтамасыз кіруіне тыйым салуға, анықтама болмаған жағдайда адамдар ПТР-тест қорытындысы шыққанша екі күнге карантинге жіберіледі;

- әуе жолаушыларынан КВИ диагнозын жоққа шығаратын ПТР-анықтама міндетті түрде талап етеді (жарамдылық мерзімі - берілген күннен бастап 3 күннен аспайды);

- қарсы алатын және шығарып салатын адамдардың әуежайларға, теміржол вокзалдарына кіруіне тыйым салу (билетпен қана кіруге болады);

- теміржол көлігі тасымалы мен жиілігін азайту ("Қазақстан темір жолы" АҚ келісімімен);

- сағат 21: 00-ден 06: 00-ге дейін Қостанай облысының елді-мекендерінің аумағында тұрғындардың қозғалысын шектеу;

- сағат 06.00-ден бастап белгілі бір орын саны бойынша қоғамдық көліктердің жұмысына сағат 20.00-ге дейін рұқсат беру. Демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктің жүруіне тыйым салынады;

- діни ұйымдардың (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) қызметін тоқтата тұру;

- мәдени нысандардың (жеке, топтық жаттығулар), кітапханалардың, мұражайлардың қызметін тоқтата тұру;

- жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін, салтанатты, отбасылық, есте қаларлық, ұжымдық іс-шаралар өткізбестен, келушілердің бір уақытта 30-дан көп емес адамды қабылдау арқылы қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне рұқсат. Сағат 21.00-ден кейін жұмыс тек тамақты жеткізу бойынша жүзеге асыру. Жексенбі, мереке күндері сағат 21.00-ге дейін алдын ала тапсырыс бойынша тамақты дайындап, үйіне жеткізу түрінде жұмыс істеуге рұқсат;

- сұлулық салондарының, шаштараз салондарының, СПА орталықтардың, косметологиялық қызметтерді ұсынатын мекемелердің жұмысына алдын ала жазылу бойынша тұтынушыны қабылдау сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат етіледі. Жексенбіде жұмысты уақытша тоқтата тұру;

- адам қабылдау мүмкіндігініңі 50% -дан аспайтын және 5 шаршыдан кем емес болған жағдайда, жұмыс күндері алдын-ала жазылу арқылы фитнес-орталықтардың, спорт залдарының және спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат. Демалыс және мереке күндері жұмысты уақытша тоқтата тұру;

- спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындарына және жарыстарға қатысуға тыйым салу;

- жерлеу шараларын өткізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 20-дан астам адамнан (отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының) көп жиналуына жол бермеу;

- мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 80% -ының жұмысын қашықтағы режимге ауыстыру;

- жолаушылар саны 2 адамнан аспайтын такси қозғалысын сағат 21: 00-ден 6: 00-ге дейін шектеу;

- театрлардың, кинотеатрлардың қызметін тоқтата тұру;

- сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер үшін жұмыс уақытын 10: 00-ден 20: 00-ге дейін шектеу.

- азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақытын сағат 8: 00-ден 21: 00-ге дейін шектеу;

- демалыс және мереке күндері қалааралық қоғамдық көліктердің қозғалысын тоқтата тұру.

Бүгіндері Өскемен, Павлодар және Көкшетау қалаларында блок-бекеттер орнату туралы шешім қабылданды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?