Қысқа уақытта жаңа кәсіп игеру: "Еңбек" бағдарламасына қатысушы оқиғасы

5 Қараша 2020, 15:08
Сурет: pixabay.com

Қарағанды ​​қаласының тұрғыны Светлана Корепанова білім алып, ізденуден ешқашан жалықпау керек екенін дәлелдеп отыр. Ол қысқа мерзімді курста ақысыз оқып қана қоймай, бірден жұмысқа орналасты.

Кейіпкеріміз мұндай сәттіліктің сырымен zakon.kz тілшісімен бөлісті.

Негізі Светлана Корепанова білімі бойынша есепші, бірақ соңғы 10 жылда жекеменшік кәсіпорындардың бірінде қоймашы болып істеді. 2020 жылдың басында коронавирус жағдайына байланысты компания жұмысы тоқырауға ұшырады – сауда қарқыны төмендеп, тауар айналымы бәсеңдеді. Соның салдарынан жұмыс беруші тарап штатты қысқартуға мәжбүр болды. Осылайша Светлана жұмыссыз қалды. Ол алғашында тіпті абдырап қалғанын айтады.

Көп ойланбастан, маған басқа жерде қоймашы болып орналасуға көмектесер деген үмітпен, Жұмыспен қамту орталығына жүгіндім. Бұнда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қысқа мерзімді курстарға қабылдау жүргізіліп жатқанын, ақысыз оқуға және жаңа дағдылар игеруге мүмкіндік барын естідім. Оған қуана келісіп, «Мемлекеттік сатып алулар менеджері» мамандығын таңдадым. Себебі бұл бағыт менің бұрын істеген қызметіме ұқсас еді, - дейді Светлана Викторовна.

Оқу 3 айға созылды және қызықты өтті. Қысқа мерзімді сабақтар барысында студенттер ай сайын стипендия алып отырды. Оқуды бітіргеннен кейін, кейіпкерімізге алған білімін іс жүзінде қолдана алатын жаңа мамандық бойынша жұмыс ұсынылды. Ал тиісті сәттіліктің бір сыры, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды, осы маманға мұқтаж жұмыс берушінің өтініші аясында Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырды.

Курстың өте уақтылы өткенін айтып жеткізе алмаймын. Онымен қоса стипендия төленіп, жаңа салада білім алдым. Әлбетте мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер ретінде қызмет ету үшін үлкен жауапкершілік және қажырлы еңбек қажет екенін түсінемін. Дегенмен санама тоқыған ілім арқылы алдағы белестерді еңсере аламын деген үміт оты жүрегімде маздайды. Бір компания жұмысқа шақырып та үлгерді. Қазір жұмысқа орналасуға керекті құжаттарды дайындау үстіндемін. Жұмыспен қамту орталығына жүгінбегенімде, әлі жұмыс іздеп жүрер ме едім. Ал мұндағы оқудан түйгенім мол, - деп қуанышымен бөліседі Қарағанды қаласының ​​тұрғыны.

Светлана отбасына оқуға баруға ниетті екенін жеткізген кезде, бәрі оған қолдау танытқан. Кейіпкеріміздің айтуынша, оның жақындары бүгінгі заманда икемділік пен қалыптасқан жағдайға бейімделе білудің қаншалықты маңызды екенін түсінеді.

Қазір жұмыс табу оңай емес, сондықтан мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық қолдауды пайдалану қажет. Менің жасымда, әрине, бір нәрсені өзгертуге бел байлау өте қорқынышты шығар, бірақ осындай шешім қабылдағаныма титтей де өкінбеймін, - дейді кейіпкер.

2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, Қарағанды ​​облысында 1082 адам, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілген. Облыстың 483 тұрғыны оқуын аяқтады және 330-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жалпы өңірде, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары, жыл басынан бері 41 705 адамды қамтыды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?