Қырғызстан сыртқы істер министрі енді Ташкентке барады

5 Қараша 2020, 16:59
Сурет: kenesh.kg

Қырғызстан сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев бастаған делегация 5-6 қарашада Өзбекстанда болады.

Бұл туралы Өзбекстан СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Келіссөздер барысында саясат, сауда-экономика, көлік-коммуникация, мәдениет және басқа да салаларда екі жақты қарым-қатынасты дамыту мәселелері талқыланады", - делінген министрлік хабарламасында.

Қырғызстанның ресми өкілдері өткен айда үкіметі ауысқалы бері алғаш рет Өзбекстанға ресми сапармен шығып отыр.

4 қазандағы парламент сайлауынан соң Қырғызстан саяси дағдарысқа тап болды. 15 қазанда қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков қызметтен кетті.

Қырғызстан сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Ташкентке 5 қарашада келеді. Бұның алдында ол Қазақстан мен Ресейде болды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?