Ақша айырбас орындарында евро аздап қымбаттады

6 Қараша 2020, 11:31
Сурет: Rt.com

Қазақстан қор биржасы (KASE) сағат 11: 00 уақыты бойынша, шетелдік валюталар сауда-саттық қорытындысына сай 1 АҚШ долларының орташа бағамы 432,32 (+ 0,16) теңгені құрағанын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақша айырбастау пункттерінде 1 АҚШ доллары 432/434 теңгеден, евро - 509,5/513 теңгеден, Ресей рублі 5,57/5,65 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, осы апта бойына доллар бағамы біртіндеп төмендей бастады, ал кеше ақша айырбастау пункттеріндегі евро бағамы 506-509 теңгені құраған (+3/4 теңге).

Әлемдегі жетекші биржаларда мұнай бағасы сәл төмендеді.

Лондондағы Inter Continental Exchange (ICE) - ICE Brent Crude Futures биржасында мұнай фьючерстерінің орташа сараланған бір баррелінің құны 40,93 (-0,3) долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light, Sweet Crude Oil келісімшартына желтоқсан айындағы мұнай фьючерстерінің бір баррелінің орташа бағасы $ 38,79 (-0,36) құрады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?