Нұр-Сұлтандағы ақылы автотұрақ әкімдікпен дауласа бастады

9 Қараша 2020, 10:09
Сурет: Нұр-Сұлтан әкімдігі

"Парковочное пространство Астаны" ЖШС әкімдіктің шарттық міндеттемелерді сақтамағаны және талаптарды елемегені үшін "Парковочное пространство Астаны" ЖШС-мен шартты бұзу туралы сотқа арыз берілгені туралы мәлімдемесін жоққа шығарады, деп хабарлайды zakon.kz.

ЖШС өкілдерінің мәлімдеуінше, 2020 жылғы 6 қарашадағы жағдай бойынша әкімдік тарапынан МЖӘ шартын бұзуға қатысты ресми хабарламалар болмаған.

Біз Қазақстанның елордасындағы ақылы тұрақ кеңістігін басқару саласының пионерлеріміз. Біз – әкімдікке өздерінің шарттық міндеттемелерін орындамайтындықтарын ашық мәлімдейтін алғашқы МЖӘ жобасымыз. Елорданы тұрақты дамыту жоспарына сәйкес, біздің компания, не басқа компания болғанына қарамастан, ақылы көлік тұрақтарының аумағы ұлғаятын болады.

"Парковочное пространство Астаны" ЖШС шартта бекітілген кестеге сәйкес МЖӘ жобасын жүзеге асыратынын ресми түрде мәлімдейді. Барлық ақшалай қаражат пен салықтар МЖӘ шартына сәйкес қала бюджетіне төленді. Біздің компания жер учаскелерінің меншік иесі болып табылмайды, олар – Нұр-Сұлтан қаласының көше-жол желісінің бөлігі. Жобада бюджет қаражаты жоқ.

Инвестициялар ел экономикасын дамытуда үлкен рөл атқарады және осыған байланысты мемлекеттік органдар инвесторлардың құқықтарын қорғауға қатысуы керек. Алайда, іс жүзінде мемлекеттік органдар инвесторлардың заңды мүдделеріне кедергі келтіреді.

Мемлекет атынан Үкімет инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың кепілі болып табылса да мемлекеттік органдар ҚР заңнамасының нормаларына тікелей қайшы келетін жұмыстар жүргізуде.

Қорытындылай келе, "Парковочное пространство Астаны" ЖШС Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Нұр-сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ мемлекеттік әріптесін өзінің шарттық міндеттемелерін толық көлемде орындауға, қажетті қаулыға қол қоюға шақырады.

Біз әрекеттеріміздің заңдылығын негіздеу мақсатында барлық мүдделі тұлғалар үшін ашықпыз. МЖӘ жобасын іске асыру туралы алғашқы күннен бастап бүгінгі күнге дейін құжатпен расталған барлық ақпарат ашық қолжетімділікте компанияның astanapark.kz ресми сайтында "қоғамдық деректер" бөлімінде орналастырылған.

Ақылы көлік тұрақтарын енгізу арқылы елорда көшелерін жеңілдету жобасы Нұр-Сұлтан қаласында 2018 жылғы 15 қаңтарда басталды. Ақылы көлік тұрақтарының негізгі мақсаты - көше-жол желісіне жүктемені азайту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік ағындарын азайту, әрбір тұрақ-орынның айналымдылығын арттыру. Ақылы көлік тұрақтары жүргізушілерді уақытын жауапкершілікпен жоспарлауға және ЖҚЕ сақтауға ынталандырады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?