Тойдан ұсталған. Карантинді сақтауды уағыздаған Айбек Нұғымаров оны өзі бұзып жүр

видеодан алынды видеодан алынды
Полиция айыппұлды тек оқиға кейіпкерлеріне ғана емес, сонымен қатар қонақтарға да салатындықтарын айтты.

Семейдегі үйлену тойына өңірдегі жақсы-жабалғылары жиналды, оның ішінде танымал спортшылар, ақындар, актерлер мен шоумен де бар. Полиция оларға да айыппұл салады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Астана" телеарнасы танымал палуандар, "Қазақстан Барысы" турнирлерінің жеңімпаздары Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов, сондай-ақ театр актерлары, ақындар мен шоумендер карантинді бұзғандарын хабарлады. Олардың барлығы үлкен тойға жиналған.

- Айбектің өзі жұртты карантинді сақтауға шақырады! Ал өзі мұнда би билеп жүр, - деп жазады желіні қолданушының бірі.

Айбек Нұғымаров алдында коронавирус жұқтырып, ауруханаға жатып шыққан. Тіпті, ауруханада болған кезінде видео түсіріп, COVID-19-дың қаншалықты қауіпті екенін айтқан. Бірақ спортшы бұл жолы түсініктеме беруді жөн көрмеді.

Полиция айыппұлды тек оқиға кейіпкерлеріне ғана емес, сонымен қатар қонақтарға да салатындықтарын айтты.

- Рейдтік іс-шаралар барысында үйлену тойының фактілері анықталды. Материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Семей қаласының ҚКБТУ басшылығына берілді, - деді Семей қалалық ІІБ баспасөз хатшысы Елубек Оспанов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз