Стамбул-Алматы рейсімен коронавирус жұқтырған жолаушы келді

Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласының әкімдігі
Қазан айының 1-нен 10-шы қарашаға дейінгі кезеңде Алматы қаласында 576 КВИ жағдайы және 157 пневмонияның жағдайы тіркелді.

Коронавирустық инфекцияның 1 жағдайы Стамбул-Алматы рейсімен келген, деді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин тікелей эфир барысында, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның сөзінше, 2020 жылғы қазан айының 1-нен 10-шы қарашаға дейінгі кезеңде Алматы қаласында 576 КВИ жағдайы және 157 пневмонияның жағдайы тіркелді.

Бекшин коронавирус инфекциясын жұқтырудың негізгі себептерін де атады:

1) ұжымдардағы ұйымдар мен кеңселердегі жұмыста жұқтыру-192 жағдай (44%);

2) қоғамдық орындарда және қалалық көлікте- автобустар, троллейбустар, метро) - 129 жағдай (30%);

3) үй ошағында жұқтыру - 79 жағдай (18%);

4) 10 қазаннан 9 қарашаға дейін шет елдерден коронавирустық инфекцияның 37 жағдайы (8%) келіп қосылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз