Түркістан облысында блок-бекеттер қойылмайды

11 Қараша 2020, 11:25
Сурет: Түркістан облысы ӨКҚ

Түркістан облысы бойынша қазіргі таңда коронавируспен стационарлық ем қабылдап жатқандар – 1, ал амбулаториялық жағдайда ем қабылдаушылар – 18 адам. Қарым-қатынаста болған 116 адам медициналық бақылауда, де хабарлайды zakon.kz.

Әзірге Түркістан облысындағы эпидемиология ахуал тұрақты, блок-бекеттер қойылмайды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санититариялық дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Түркістан облысында жеке азаматтардың той-мерекелерді атап өтуі толастар емес. Сондықтан пандемия уақытында облыс тұрғындарын жалпыға ортақ тәртіпті сақтауға шақырды.

"Жаңадан қабылданған қаулыға сәйкес, 3 қарашадан бастап облыс аумағындағы мал базарлары санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтіп, 30%-дан асырмай толтырумен, аптаның жұмыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Түркістан облысы бойынша 31 мал базар бар. Олардың ішінде қазіргі таңда 3 жабық (ЖК "Нұрсұлтан", ПК "Султан","Алжан-Агро" ЖШС). "Infokazakhstan" сайтына мал базарлардан ашылуға 16 өтініш түсті, оның 7 қаралып, 4 - жұмыс істеуге рұқсат берілді (Қазығұрт, Ордабасы, Келес, Төлеби), 3 - қайтарылды, 9- қаралуда", - деді облыстың бас санититариялық дәрігері.

Мал базарлардың қызметіне тыйым салынған кезінде Түлкібас ауданы, Машат ауылында орналасқан "Ет өнімдері KZ" ЖШС-не қарасты мал базары ағымдағы жылдың 7 және 21-қазан күндері карантин талаптарын бұзғаны үшін заңды тұлғаға 230 АЕК көлемінде 2 айыппұл салынған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?