Елбасы Қазақстаннан кетіп жатқандарға үндеу арнады

11 Қараша 2020, 16:11
Сурет: Ақорда

Егер өз елімізде жақсы жағдай жасай алсақ, онда елден кетіп қалудың қажеті қанша, деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ҚХА Кеңесі отырысында, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

– Біреудің Қазақстаннан басқа елге көшкенін естіген сәттерде мені уайым басады. Көшудің қажеті қанша? Олар барған жердегіден де жақсы жағдайды өз елімізде жасай аламыз. Сол үшін жергілікті әкімдер өте мұқият болуы тиіс. Неге көрші елдің ЖОО-ларына кетіп жатыр? Ендеше біздің ЖОО-ларды олардыкінен жақсы ету керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның сөзінше, қазір бүкіл әлемде бір жағынан жұмыссыздық белең алды, екінші жағынан іс істейтін жұмыс орындары жетіспей жатыр.

Егер қазақстандықтар дұрыс пайдалана білсе, Қазақстанның көпұлттығы біздің күшіміз һәм байлығымыз, деп қосты ол.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?