Шымкентте 9-сынып оқушысы өз әкесінен жүкті болып, бала босанған

13 Қараша 2020, 09:51
Сурет: Pixabay

Шымкентте өз әкесінен жүкті болып қалған 15 жастағы оқушы қыз босанды, деп хабарлайды zakon.kz.

AstanaTV келтірген дерекке сәйкес, ер адам бұл оқиға жұртқа жария болғанда өз-өзіне қол салған. Іс сотқа түскен жоқ. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің мамандары айтты.

Олардың айтуынша, босанған жас келіншектің анасы жаңа туған нәрестені қамқорлығына алған.

- 9-сынып оқушысы осы жылы мамыр айында босанды. Бұл арада зорлық болды ма, жоқ па, біз оны айта алмаймыз. Полиция оны анықтауға тырысып жатыр. Сәбиді қазір мектеп оқушысының анасы тәрбиелеп отыр, - деді Шымкент қалалық білім бөлімінің бас маманы Ұлжалғас Саурбаева.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?