Ұзын-сонар жүздеген жүк көліктері: қырғыз-қазақ шекарасында тағы кептеліс
kaktus
Баяғы сол - коронавирус себеп.
Қырғыз-қазақ шекарасындағы "Ақ-Тілек-Автодорожный" бақылау-өткізу пунктіне жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы 24.kg ақпараттық агенттігіне бірнеше шақырымдық кептелісте қалып қойған жүк көлігі жүргізушілерінің бірі хабарлады.
300-ден астам жүк көлігі шекара бекетінен өту үшін кезекте тұр.
- Біз бір тәулікке жуық тұрдық, ауысым жоқ. Бізге не болғанын ешкім түсіндірмейді. Ешкім кептеліс кімнің кінәсінен болғанын айтпайды. Бұл арада сағат 14: 00-ден бастап жүрмін және жылжысақ, 100 метр ғана жүреміз. Кезектің соңындағылар биліктің назарын аудару үшін еріксіз Бішкек-Торугарт жолын жауып тастауға дайын. Бұл - барып тұрған бассыздық. Көбінің жүк машиналарында тез бұзылатын тамақ өнімдері бар, - деді ауыр жүк көлігінің жүргізушісі Юрий Иванов.
Қырғыз-қазақ шекарасындағы кептеліс жүргізушілердің коронавирусқа арналған ПТР-анықтамасының бар-жоғын тексеруден туындаған болып шықты.
Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына кіретін жүргізушілердің жанында коронавируспен ауырмағандығы туралы анықтамасы болуы керек. Бұл ереже республикада транзит арқылы жүретіндерге қолданылмайды. Санитарлық-эпидемиологиялық бекетте шекарадан өту үшін қажетті медициналық құжаттары жоқтар ғана ұсталады. Сағат 23.15 уақыты бойынша "Ақ-Тілек-Автодорожный" бақылау-өткізу бекетінде 110-ға жуық көлік жиналды, - деп хабарлады ведомствадағылар
Шекара қызметі жүргізушілерге шекарадан өтудің жаңа ережелері туралы бірнеше рет ескертілгенін атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript