Отбасылық зорлық-зомбылық: Полицейлер дағдарыс орталығында кеңес берді

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Жыл басынан тұрмыстық қатынаста жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полицейлер 4455 қорғау нұсқамасын қойған.

Алматы облысының тәртіп сақшылары "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" атты акция шеңберінде "Талдықорған әйелдерді қолдау орталығы" үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп, облыс орталығында орналасқан Дағдарыс орталығында қызмет алушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кездесуде бүгінгі күні тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерінің өзектілігі кеңінен талқыланды. Осы мақсатта полиция органы, үкіметтік емес ұйымдар тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды. Орталықта қызмет алушыларға тұрмыстық қатынаста агрессордың құқыққа қайшы әрекеті қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапсыз қалмайтыны түсіндірілді", - деді облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Мейір Демеубаев.

Сондай-ақ, құқық қорғаушылар тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны немесе куәгері болған жағдайда шұғыл түрде "102" нөміріне хабар берілсе, ауыр және қайғылы жағдайлардың алдын алуға болатынын жеткізді. Ондай жағдайда жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олар Дағдарыс орталығына орналастырылады.

Облыстық полицейлер таратқан ақпаратқа сәйкес, жыл басынан тұрмыстық қатынаста жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полицейлер 4455 қорғау нұсқамасын қойған. 541 ерекше талап орнатып, маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеу мекемесіне 132 адамды жолдаған. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болған 17 әйел мен 49 бала дағдарыс орталығына жеткізілген.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-11/thumbs/1605263310_66d03d79-ee04-4817-8ec0-5f4ae5785f96.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз