Ертаевқа қатысты сот үкімі шықты

Vlast.kz Vlast.kz
Банкир өз кінәсін мойындады.

Экс-банкир Жомарт Ертаев мүлкі тәркілене отырып, 11 жылға сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Экс-банкир Bank RBK-дан 144 миллиард теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Ертаевты 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

Банкир сотта өз кінәсін мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады. Соттағы оның жүрек жарды сөзі көптің назарын өзіне бұрып, жұртты дүдамал күйге түсірді. Бұл хайп па, әлде банкирдің сол сәттегі шынайы күйі ме, көп осыны ажырата алмай біразға дейін дал болды. "Маған Құдай миды аямай берген, бірақ бір сәтте мен ар-ұят дегенді ұмыттым" деп өз сөзін бастаған экс-банкир барахолкада киім сатқанын да есіне түсірді. Сотта Ертаев бостандыққа шыққаннан кейін "Бүреудің мүлкіне қол сұқпа" және "Нағыз бақыт деген не?" деген тақырыптарда кітап жазып, дәріс оқитынын да атап өтті.

Оған қоса, бұл іске қатысты тағы 36 адам қоса тергелді.

Экс-банкир басқа қылмыстық іс бойынша да айыпталуда. Ол бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы аса ірі көлемде ұрлауды ұйымдастырды деп айыпталуда. Bank RBK, "Арнайы Қаржы Компаниясы DSFK" ЖШС, Qazaq Banki және Еуразиялық банк жәбірленушілер деп танылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз