Жаңалықтар тізбегі
0

Бозжырадағы қонақ үй құрылысы. Оны қайта қарау бұл жоба осымен тоқтайды дегенді білдірмейді

Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2020 18:19 Facebook
Бірақ, бұл жоба осымен тоқтайды дегенді білдірмейді. Қоғамдық кеңестердің, эколог сарапшылардың және мемлекеттік ведомстволардың ой-пікірлері ескеріле отырып, қонақ үй салуға арналған басқа ыңғайлы жер таңдалады

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Бозжыра қорығы аумағында салынатын қонақ үй құрылысын қайта қарау туралы хабарламаға түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, Facebook әлеуметтік желісінде Президенттің Бозжыра қорығы аумағында салынатын қонақ үйдің құрылысын қайта қарауды тапсырғаны жайында жазылған жазба ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, түрлі сұрақтар туындаған. Сондықтан ол осы мәселеге тағы бір мәрте оралып, қосымша түсініктеме бергенді жөн деп тапқандарын айтады.

"Маңғыстау облысында туризмді дамыту – Үкіметке жүктелген маңызды міндеттердің бірі. Бүгінде бұл бағытта жұмыстар басталып кетті. Бес жұлдызды қонақ үй салынып, жайлы мейманханалардың тұтас желісін құру жоспарланып отыр. Мұндай жүйелі жұмыстар аймақтың туристік тартымдылығын арттыратыны сөзсіз. Жақында Бозжыра табиғи қорығының жанынан қонақ үй салу жобасы ұсынылды. Өкінішке қарай, қазіргі кезде қорықтың айналасындағы туризм табиғатты қорғау шараларын сақтамай, бейберекет дамып жатыр. Бұл осы ерекше табиғат қорағына орасан зиянын тигізуде. Президент экологиялық туризмді өркениетті жолмен дамытуды қолдайды. Ол үшін қажетті инфрақұрылым, ең алдымен, жайлы қонақүйлер қажет. Сондықтан Мемлекет басшысы Үкіметке қонақ үй салу жобасын қайта қарауды тапсырды. Бірақ, бұл жоба осымен тоқтайды дегенді білдірмейді. Қоғамдық кеңестердің, эколог сарапшылардың және мемлекеттік ведомстволардың ой-пікірлері ескеріле отырып, қонақ үй салуға арналған басқа ыңғайлы жер таңдалады", делінген жазбада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: