Жаңалықтар тізбегі
0

Индустрия вице-министрі отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді. Егер...

bbci.co.uk, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2020 22:55 bbci.co.uk
Ол бүгінгі сенаторлардың "бюджет ақшасына отандық сапасыз құрылғы жасап шығарды" деген мәлімдемесіне қатысты түсінік берді.

Еліміздегі 297 медициналық мекемеге таратылған 1,5 мың дана өкпені жасанды жолмен желдету аппараты (ӨЖЖА) пайдалануға сақадай-сай дайын тұр, деп мәлімдеді ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Талғат Жанжүменов арнайы брифингте, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- Мен ол жиынға қатысқан жоқпын. Біз бұл ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы білдік, дегенмен өндіріс іске қосылған кезде, содан соң бұл құрылғылардың өндірісі аяқталғаннан кейін пресс-турлар өткіздік. Көпшілігіңіз осы кәсіпорында болып, өндіріспен өз көздеріңізбен таныстыңыздар. Бізде аппараттарды жеткізген ауруханалардың тізімі бар. Біз оларға қоңырау шалуға дайынбыз, содан-ақ бұл ақпараттың анық-қанығын анықтауға болады. Біздің жеке колл-орталығымыз бар. Бұл арада сапа, жұмысқа жарамдылығы туралы сөз болып отыр. Зауыт шығарған бұл аппараттарына 37 айға дейін кепілдік береді. Барлық құрылғы өз орнында, сапасына сай, жұмыс істейді, - деді Жанжүменов.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкіметінің тапсырмасына сәйкес, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігіне отандық аппараттардың өндірісін ұйымдастыруды тезірек қолға алу тапсырылды. Вице-министр сонымен бірге бұл жұмыс 2,5 айға созылғанын және үш кезеңді қамтығанын айтты: аппаратты таңдау, оның ішінде Biyovent брендінің аппараты барлық қажетті талаптарға сай келеді. Екінші кезеңде Түркия үкіметі және Aselsan бас зауытымен тез арада келіссөздер жүргізілді. Үшіншісінде олар келісімді жүзеге асырды.

Ол үшін, оның айтуынша, зауыт үш ауысымдық жұмыс режиміне көшті. Желдеткіштерді құрастыруға және оның жеке элементтерін оқшаулауға үйрету процесі өтті. Құрылғының өзі ағылшын тілінде болғандықтан, отандық мамандар ондағы ақпаратты орысшалаған. Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша әр желдеткішке қосымша компрессорлар мен дымқылдатқыштар қосылды.

Биылғы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша барлық 1,5 мың дана ӨЖЖА еліміздегі 297 медициналық мекемелерге жеткізіліп, қосылған және пайдалануға дайын. Қазіргі уақытта 140 құрылғы жұмыс істеп тұр, қалғандары резервте. Құрылғыларды пайдалану кезеңінде, олардың көбісі Нұр-Сұлтанда қолданылған, аппараттың жұмысына шағым түспеген. Өткен аптада Семейде бір компрессордан кішкене ақаулық анықталды, бірақ оны зауыт 24 сағат ішінде ауыстырып берді. Біз Қазақстан тарихында бірінші рет стационарлық цифрлық желдеткішті жасадық, - деп түсіндірді вице-министр.

Брифингте ол компрессормен, дымқылдатқышпен және басқа да қажетті заттармен жабдықталған бір ӨЖЖА тасымал шығынын қосқанда 8 миллион 900 мың теңге тұратынын жеткізді.

Егер бұл ақпарат расталса (облысқа жеткізілген ӨЖЖА-ның қосымша бөліктері жоқ деген - шамамен.), мен бүгін отставкаға кетуге дайынмын, - деді Жанжүменов БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере отырып.

Бұған дейін депутат Нұрлан Қылышбаев Сенат отырысында денсаулық сақтау ұйымдары үкіметтік резерв есебінен отандық өндірушіден сатып алынған 1500 ӨЖЖА-ның тек 831-і қабылдауға жарап, пайдаланылғанын айтты. Оның айтуынша, 17 аймаққа жеткізілген отандық өндірушінің 1500 дана аппаратының тек 831-і қабылданған. Қалған 669 аппараттың қосалқы бөлшектері болмағандықтан, қолдануға жарамсыз болып шыққан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: