Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алдында індеттің ушығу уақытын дөп басып айтқан профессор тағы өз болжамымен бөлісті

Профессор коронавирустың ресми сандық ақпараты шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Деректерді биліктегілер емес, қарапайым халық жасырып отыр, - дейді.

Сурет : видеодан алынды20 Қараша 2020, 10:04

Желтоқсанның соңы және қаңтардың басы қазақстандықтар үшін қауіпті. Себебі, осы уақытта коронавирус өршіп кетуі ықтимал. Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин бүгін осындай болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Қызыл аймақтағы Шығыс Қазақстанның қатарына Солтүстік, оның артынша Оңтүстік енуі мүмкін екенін ескертті. Дәрігер тағы не айтты? Елдегі эпидемиолгиялық жағдай қандай? Әріптесім Асылбек Данияр айтып береді. Күннен-күнге науқастардың қарасы көбейсе де, қазақтың тойы жалғасып, шетелге қыдыруы тыйылмай тұр. Ахуал дәл осылай жалғаса берсе жақын күндері "тәж" вирусына тосқауыл бола алмауымыз ғажап емес. Дәрігер Вячеслав Локшин COVID-19-дың кезекті толқынының аз-ақ алдында тұрмыз деп дабыл қақты.

Вячеслав ЛОКШИН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ МЕДИЦИНА ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ПРОФЕССОР:

- Қазіргі уақытта еліміздің Шығысы мен Солтүстігінде коронавирустың өршіп тұрғаны белгілі. Мұндай жайт Оңтүстікке де келіп жетеді. Сондықтан оған дайын болуымыз қажет. Меніңше, желтоқсан айының соңы мен қаңтар айының басында аурушаңдық өсімі, қазіргіден әлдеқайда жоғары болады. Бұл өте қауіпті жағдай!

Профессор коронавирустың ресми сандық ақпараты шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Деректерді биліктегілер емес, қарапайым халық жасырып отыр, - дейді.

Вячеслав ЛОКШИН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ МЕДИЦИНА ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ПРОФЕССОР:

- Статистика негізінен ПТР сынамаларына сүйене отырып жасалады. Иә, тест дұрыс көрсетеді. Бірақ үйде ауырып жатқандары, дәрігерлерге жүгінбейтіндері қаншама. Коронавирусқа де тест тапсырғысы келмейтіндер көп. Әрине, бұл науқастардың көп екенін білдіреді. Ресми статистика шынайы жағдайды 20-30 есеге аз көрсетіп отыр. Егер дәрігерлердің ұсынымдарын орындамайтын болсақ, онда азаматтарымыздан айырыла береміз.

Қытайлық індеттің таралу қарқыны жоғары Қостанай облысында да өскен. Қазір аймақ атқамінерлері қосымша шектау шараларын енгізілді. Бұл туралы облыс басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Архимед МҰХАМБЕТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Алдағы демалыс күндері қоғамдық көліктер жұмысқа шықпайды. Ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес сауда объектілерінің жұмысына уақытша тыйым салынды. Бұған дейін жұмыс істеп келген автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектерін сататын дүкендер де жұмысын тоқтатады. Ал, моншалар мен сауналардың жұмыс уақыты шектеліп, қоғамдық тамақтану орындары тек алып кету және жеткізу үшін жұмыс істейді.

Қазір республика төңірегінде жағдай тұрақсыз. Өткен тәулікте тағы 760-тан астам адамның ауырғаны белгілі болды. Осылайша жалпы науқастар саны 123 мыңнан асты. Ал, індет құрбандары көктемнен бері 1964-ке жетті. Денсаулық сақтау министрлігі өкпесі қабынғандардың да қатары күн сайын артып келе жатқанына алаңдаулы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер