Жаңалықтар тізбегі
0

Ағылшын басылымы Қазақстандағы "ұйқылы ауылдың" құпиясын ашқан зерттеуді жариялады

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2020 16:52 inbusiness.kz
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралы "шалғайдағы ұзақ уақыт ұйқыға кететін қазақ ауылы тұрғындарын мазалаған ғажайып құбылыстың" түйіні шешілген секілді деп жазады.

Британдық The Sun таблоиды әлемге "ұйқыдағы ауыл" деп танылған Қазақстандағы Калачи ауылы туралы мақала жариялады. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары Назарбаев Университеті ғалымдарының жуықтағы гипотезасын растай отырып, оны нақты мәліметтермен толықтырып, егжей-тегжейлі баяндаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Мақаланың ағылшын тілінен аудармасы мынандай болып келеді.

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралы "шалғайдағы ұзақ уақыт ұйқыға кететін қазақ ауылы тұрғындарын мазалаған ғажайып құбылыстың" түйіні шешілген секілді деп жазады.

The Sun газеті сарапшылардың мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, былай деп жазады: "Жыныстық қозудың белгілері Виаграға ұқсас химиялық заттардың ауыл тұрғындары ішетін ауыз суға түсуімен байланысты болуы мүмкін.

Шалғайдағы ауыл тұрғындары бірнеше күн қатарынан ұйықтаған. Ал кейбір ер адамдар оянған кезде ағзада қатты қозу болғанын байқаған, одан басқа да білінген жағымсыз әсерлер болды. Сондай-ақ, тұрғындар галлюцинацияға ұшыраған. Таблоидтың жазуынша, бір қыз анасының жүзінен пілдің мұрны салақтап тұрғанын көрген. Ал тағы бір бала айналасында аттар шауып, шамдар ұшып жүргеніне сенімді болған.

Жаңа зерттеулер бұл таңғажайып жағдайды ауылға жақын шахтадағы жер асты контейнерлеріне Қызыл әскер пайдаланған, жасырулы құпия химиялық заттармен байланыстырады. Химиялық заттар сумен жабдықтау жүйесіне түсіп, жергілікті тұрғындарды қатты ұйқыға тартып, басқа да мазалайтын белгілерді тудырды, - деген зерттеуші профессор Крэйптің сөздері келтіріледі. Зерттеуді жалғастыру үшін "қауіпті" шахта ішіне дрон жіберу арқылы қосымша зерттеулер жүргізу қажет
.

Профессор 200-ден астам ауыл тұрғындарымен сөйлескеннен кейін, олар суды барлығы жер асты көзінен соратын бір арнадан алатындығын анықтағанын айтты. Крэйп әскери химиялық заттар қараусыз қалған шахтаға көміліп, әбден езілгенде суға түскен деп санайды.

Химия суға сіңіп кетеді, ал егер ол жер асты сулары болса, онда оның ауыл тұрғындарына жетуі әбден мүмкін, - дейді ол.

Одан неге кейбіреулер жиі және тағы біреулері сирек ұйықтайды деп сұралды. Оған сарапшы: "Мүмкін кейбіреулер химиялық құрамның концентрациясы жоғары жерден су тұтынса, ал басқалары суды азырақ жерден алады" деп жауап берді.

"Ұйқылы ауылда" шамамен 124 отбасы бар, олар 2012-2015 жылдар аралығындағыдай зардап шекпейді. Дәрігердің гипотезасы бойынша "бөшкеден шыққан химиялық заттар толығымен суға сіңіп біткен", делінген, сондықтан жаңа ластану фактілері жоқ. Ал мал аурудан азап шеккен жоқ, бірақ олар суды өзеннен ішкен, яғни басқа су көзінен. Жұмбақ белгілер қыста көрініс тапқан, бірақ профессор мұның себебін судың 1 градустан жоғары қызған кезде атауы беймәлім химиялық зат ыдырайтынын айтады, делінген мақалада.

Калачи - Ақмола облысы Есіл ауданындағы ауыл. Бұл аймақ түсініксіз аурудың арқасында бүкіл әлемге әйгілі болды, мұндағы жергілікті тұрғындар бірнеше күн бойы ұйықтап, ал оянғаннан кейін есте сақтау қабілетінің жартылай төмендеуіне және галлюцинацияға шағымданған. Бұл мәселені зерттеу үшін "ұйқы ауруы" туралы әртүрлі зерттеу жасаған дүниежүзі мамандары тартылды, мәселен, ауадағы оттегінің жетіспеуі, көміртегі тотығының жоғары концентрациясы, радиацияның жоғары деңгейі, радон көздері және басқалары. Алайда ресми дәлел табылған жоқ. Соңғы рет мұнда "ұйқы ауруы" 2015 жылы тіркелген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: