Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2020 18:02 Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Бұл лауазымды Мұрат Қатпанов қызметке келді.

20 қарашада Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев жеке құрамға жаңадан тағайындалған Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығын таныстырды. Азаматтық қорғау полковнигі Қатпанов Мұрат Қасенұлы Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұрат Қасенұлы Қатпанов 1972 жылы 29 қазанда Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданының Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген.

1995 жылы Қарағанды педагогикалық институтын тәмәмдады. 2001 жылы Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын бітірді.

Еңбек жолын 1996 жылдың 15 қаңтарынан Қарағанды облысының АҚ штабында халықты даярлау және оқыту бөлімінің оқытушысы болып бастады. 1996 жылы маусымда Қарағанды облыстық ТЖ басқармасының жедел бөлімі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

1997 жылы Қарағанды ТЖБ бөлімінің шұғыл ден қою және іс-шараларды жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2002 жылы Ақмола ТЖБ бөлімінің ТЖ алдын алу бөлімінің аға офицері лауазымына тағайындалды.

2004 жылы Қарағанды ТЖБ бөлімінің шұғыл ден қою және іс-шараларды жоспарлау бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

2005 жылы Қарағанды облысы ТЖ департаментінің күштер мен құралдар бөлімінің бастығы лауазымын атқарды.

2008 жылы Қарағанды облысы ТЖ департаментінің авариялық-құтқару қызметі басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.

2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары лауазымында жұмыс атқарды.

Бірінші вице-министр ТЖД жаңа бастығының кәсібилігін, жоғары жеке жауапкершілігін және айтарлықтай жұмыс тәжірибесін атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: