Жаңалықтар тізбегі
0

ОСК Мәжіліс пен Мәслихат сайлауы бақылаушыларының алғашқыларын аккредитациялады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2020 22:33 Сурет: zakon.kz
ҚР Сыртқы істер министрлігі 11 халықаралық ұйымға шақырту жолдады.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат сайлауына 29 халықаралық байқаушының аккредитациядан өткендігін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- ҚР ОСК халықаралық байқау институтын ашты және Сыртқы істер министрлігі 11 халықаралық ұйымға, соның ішінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясына, ТМД Атқару комитетіне, ҰҚШҰ-ға, жалпы біздің ел қарым-қатынас жасайтындардың барлығына шақырту жіберді. Тура осы секілді ОСК өзінің екіжақты қатынастары арқылы шет мемлекеттердің 25 сайлау органдарына шақырту жолдады. Біз жауап күтудеміз. Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының 29 байқаушысын аккредиттеу үшін дауыс бердік. Өзге халықаралық ұйымдар өздерінің қызығушылықтарын білдірді. Ресми жауаптар әлі күтудеміз, - деді Щегорцова Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.

Сонымен бірге, ол, әзірге ОСК алдағы сайлаудағы бақылаушылардың жалпы саны, олардың саны әдеттегіден аз бола ма, жоқ па, ол туралы ештеңе айта алмайтынын атап өтті.

- Біз қазір бұл туралы ештеңе айта алмаймыз. Қазір жағдай күн сайын өзгеріп тұратынын білесіздер. Сонымен бірге біз барлық міндеттемелерімізді орындаймыз. Көріп отырғаныңыздай, алғашқы халықаралық ұйымдар аккредиттеу үшін тізімдерін ұсынды, қалғандары өз қалауларын кейін білдіре жатар. Халықаралық ұйымдар біздің сайлауды бақылауға қатыса алады деп үміттенеміз, - дейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: