Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

ШҚО қараша айының соңына дейін "қызыл аймақтан" шығатын болады - облыс басшысы

Әкімнің айтуынша, қазірдің өзінде күніне жұқтырғандар санының айтарлықтай төмендеуі байқалады.

Сурет : алтайньюс20 Қараша 2020, 16:45

Шығыс Қазақстан қараша айының соңына дейін "қызыл аймақтан" шығатын болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен ОКҚ брифингі кезінде аймақ басшысы Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Әкімнің айтуынша, қазірдің өзінде күніне жұқтырғандар санының айтарлықтай төмендеуі байқалады. Нақты айтқанда 356-дан 249-ға дейін, деп жазады Алтайньюс.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы өңір басшысына екі апталық мерзім ішінде, яғни қараша айының соңына дейін облысты "қызыл аймақтан" шығару туралы тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыстар жандандырылып, күніне екі рет облыс әкімінің тікелей басшылығымен штаб кеңесі өткізіліп, нақты тапсырмалар берілуде.

- Жұмыс нәтижесін біздегі ауруханалардағы төсек-орындардың қамтылу деңгейінен-ақ байқауға болады, ол небәрі 17 пайызды құрайды. КТ-аппараттары тәулік бойы жұмыс істеуде, қосымша "Фапиравир" тиімді препаратын сатып алдық. Осы және басқа да көптеген шаралар қараша айының соңына дейін аймақтағы COVID-19 жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік береді деген сенімдемін, - деді бұл ретте облыс басшысы Даниал Ахметов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер