Мамин шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты бір топ сенаторлардың сауалына жауап берді

А.Ахметқазы А.Ахметқазы
Қазіргі уақытта бизнестің микрокредиттеуге қажеттілігін ескере отырып, шағын және орта бизнесті кредиттеуде МҚҰ мен лизингтік компанияларды жандандыру мәселесі қаралып жатыр екен.

Үкімет басшысы Асқар Мамин 20 қыркүйекте шағын және орта бизнесті дамыту жайын қозғап, ҚР Парламенті Сенатының бір топ депутаты жолдаған сауалға жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

- ШОБ үшін екінші деңгейдегі банктер кредиттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру үшін мемлекеттік қаржы секторын құруға бағытталған сындарлы шараларды әзірлеуге қатысты Кәсіпкерлік субъектілерінің жеңілдікті қаржыландыруға қолжетімділігі кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдік беру құралдары есебінен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын осы мақсаттарға мемлекет қомақты қаражат бөледі, "Даму" қоры мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды және бюджет қаражатының игерілуін бақылауды жүзеге асыратын мемлекет пенбизнес арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. ШОБ-ты нашар кредиттеу себептерінің бірі банктерде бизнесті кредиттеуге бағыттай алатын ұзақ және арзан қаражаттың жетіспеушілігі болып отыр. Осыған байланысты "Даму" қоры бюджет қаражатын банктер мен МҚҰ-ға шартты орналастыруды жүзеге асырады. Тәжірибе көрсеткендей, бұл құрал мемлекетке кредит беру нарығындағы өтімділік тапшылығына тікелей әсер етуге, банктерге кредит беру объектілерін өңірлік және салалық бөлуге (инвестициялар немесе айналым капиталы) қатысты шарттар белгілеуге және соңғы қарыз алушыға жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - дейді Мамин өз жауабында.

Үкімет басшысының айтуынша, жалпы бұл ШОБ кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелердің деңгейін төмендетуде маңызды рөл атқарды. Сонымен қатар қазіргі уақытта бизнестің микрокредиттеуге қажеттілігін ескере отырып, шағын және орта бизнесті кредиттеуде МҚҰ мен лизингтік компанияларды жандандыру мәселесі қаралып жатыр екен.

- Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі жаңа бастама ретінде осы жылдың шілде айында микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру іске қосылды. Айналым қаражатын толықтыруға және инвестициялық мақсаттарға арналған кредиттер де 85 % мемлекеттік кепілдік бере отырып, жылдық 6% мөлшерлеме бойынша қолжетімді. Кредиттер бойынша шағын сомаларды, сондай-ақ кредиттер берудің оңайлатылған тетігін ескере отырып, кәсіпкерлерді қаржыландырумен барынша қамтамасыз ету жоспарланған. Ағымдағы жағдайда Үкімет Ұлттық Банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, ШОБ кредиттеуді ұлғайту бойынша қажетті ынталандыру шараларын қабылдап жатыр, - дейді ол.

ШОБ-қа кредит беру жөніндегі мемлекеттік қаржы орталығын құру нарықтық қатынастардың негізгі қағидаттарын және экономикадағы қаражаттың нақты құнын бұрмалай отырып, нарықтағы бәсекелестік деңгейіне теріс әсер ететіндігін атап өту қажет.

Бұдан басқа бұл тәуекелдердің шоғырлануын болжайды және нарықты "арзан ақшамен" қамтамасыз ете отырып, оны қаржылық қамтамасыз етудің тұрақтылығы үшін бюджет қаражатын тұрақты бөлуді талап етеді.

Премьер-министр жауабының толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз