Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Covid-19-бен күресу үшін 1,5 млрд евро несие алғалы жатыр

kn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2020 17:08 kn.kz
Бұл қаржының бір бөлігі 2021 жылғы бюджет тапшылығын қаржыландыруға, тағы бір бөлігі Үкіметтің Ковид-19 пандемиясының салдарымен күресуге бағытталмақ.

Қазақстан коронавирус инфекциясымен күресу үшін Азия даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен несие алады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы 908 миллион 596 мың евро көлемінде несиелік келісімге қол қойылды. Несие 2021 жылғы бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталған. Бұл қаражат Үкіметтің Ковид-19 пандемиясының салдарымен күресу және экономиканы қалпына келтіру жөніндегі шараларын қолдауға көмектеседі, деп мәлімдеді ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысында.

454 миллион 298 мың евро көлеміндегі несиенің бір бөлігін Қазақстан үш жылдық жеңілдік кезеңімен қоса 10 жыл ішінде төлеуі керек. 454 миллион 298 мың евро көлеміндегі қалған қарызды үш жылдық жеңілдікті кезеңді қосқанда бес жылға беріледі.

Азиялық инфрақұрылымдық инвестиция банкімен екінші келісім 661 миллион 800 мың евроға жасалды. Бұл қаражат та 2021 жылғы бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға және Үкіметтің Covid-19-ға қарсы шараларын қолдауға жұмсалады. Несие үш жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 10 жыл мерзімімен беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі - Euribor + 0,50%, деп мәлімдеді Қаржы министрі.

Тартылған несиелерге қызмет көрсетуді және оларды өтеуді Қаржы министрлігі келісімдерде белгіленген қаржылық жағдайларға сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: