Зейнетақы ақшасын шешіп алу. Салық туралы заңға енгізілген өзгерістер мақұлданды

24 Қараша 2020, 11:48
Сурет: platon.asia

Мәжіліс депутаттары Сенаттың "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодекске енгізген түзетулерді қолдады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Заң жобасы жеке тұлғаларға зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін қолданған кезде жеке табыс салығын төлеуді кейінге қалдыру құқығын беруді, сондай-ақ оны есептеу, ұстап қалу және төлеу тәртібін анықтайды. Онда пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілеріне айналымнан бөлшек сауда салығын төлеу құқығын беру бойынша арнайы салық режимін енгізу жайы да бар, -.деп атап өтті Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Сергей Симонов.

Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін экономиканың ең көп зардап шеккен секторларындағы микро, шағын және орта бизнес субъектілеріне бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын есептелген әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар сомасының айырмасы ретінде анықтау құқығы беріледі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?