Тоқаев Цойға Ранолдудан көмек сұраған баланың емімен айналысуды тапсырды

Бұл дерт баланың бұлшық еттерін ақырындап құртып жатыр.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға Дюшшен дистрофиясымен ауыратын баланың емімен айналысуды тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.
- Мен Әселмен (баланың анасы) телефон арқылы сөйлестім, одан әрі емдеудің ықтимал жолдарын талқыладық. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы бүгін олармен кездесіп, Аңсардың еміне көмектесетін болады, - деп жазды Алексей Цой Facebook парақшасында.
Бұған дейін қазақстандық ана мен бала футболшы Криштиану Роналдудан көмек сұраған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Балаға 2016 жылы Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы диагнозы қойылған. Бұл дерт баланың бұлшық еттерін ақырындап құртып жатыр. Содан бері анасы баласының өмірі үшін күресіп келеді.
Бөлісу
0
Толық оқу