Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысының ТЖД басшысы Бағдат Данилов көз жұмды

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2020 16:54 facebook.com
Қаралы хабар Қазақстанның Төтенше жағдай министрлігінің әлеуметтік желісінде жарияланды.

Қызылорда облысы ТЖД басшысы Бағдат Данилов 48 жасында көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаралы хабар Қазақстанның Төтенше жағдай министрлігінің әлеуметтік желісінде жарияланды.

"Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бағдат Жұмайұлы Даниловтың оқыстан қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген жазбада.

​Данилов Бағдат Жұмайұлы 1972 жылы 31 наурызда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын Қызылорда облысы Ішкі істер басқармасының өртке қарсы қорғау бөлімінің әскерилендірілген 153-ӨСБ өткен.

Әр жылдары Қызылорда облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының 11-ӨСБ қарауыл бастығы, Жалағаш ауданы 4-ӨСБ бастығының орынбасары, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының лицензиялау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. Қызылорда облысы Өртке қарсы қызмет департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының Мемлекеттік өрт бақылау бөлімін басқарды.

2015-2020 жылдары Жамбыл облысы ТЖД бастығы болып жұмыс істеді. Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы ТЖД бастығы болды. Азаматтық қорғау полковнигі құрметті адам болған. Көп жыл қызмет еткен жылдары бірнеше рет медальдармен, төсбелгілермен марапатталған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: