Елбасы Батыстағы сайлауларға қатысты пікір білдірді

25 Қараша 2020, 14:33
Сурет: Ақорда

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тағы сайлауға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- Олар біздің демократиямыз Батыстағыдай болуы керек дейді: АҚШ-тағы, Германиядағы, Франциядағыдай. Біз осы бағытта алға жылжып келеміз. Бірақ бұл үшін экономиканың 60-70% жекенің қолында болуы керек. Америкада бұл көрсеткіш 90% -ке жетеді, Германияда экономиканың 80% -ын шағын және орта бизнес үлесінен тұрады, - деді Назарбаев.

Ол бизнесті қолдайтын, жекенің мүлкін ысырап етуге мүмкіндік бермейтін мемлекет экономиканың басым көпшілігі бизнестің қолында болған кезде қалыптасатыны да айта кетті.

- Міне, сол кезде ғана біз өзімізді АҚШ және тағы басқасы сияқты ұстай аламыз деп айта аламыз. АҚШ-та ЕҚЫҰ-ны сайлауға мүлдем жолатпады. Демократтар республикашылардың бақылаушыларын жолатпады және тағы сол секілді. Үлкен мемлекеттің сыни тәртібі де дұрыс емес. Егер бізді сынап жатса, неге өздерінде мұндай тәртіпсіздік бар? Қос стандарттарға да жол берілген, - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Беларусь Республикасындағы президенттік сайлаудан кейін болған оқиғаларға тоқталды.

- Беларуссияны бір ай бойы төпеледі, дәл осындай жағдай кезінде Болгарияда да болды, бірақ қандай да бір себептермен бұл туралы біз еш жерден естімедік. Сондықтан, біз де мемлекет ретінде тәрбиелік рөл атқара аламыз, мені қолдайтын көптеген ел бар деп ойлаймын, біз нарықтық экономикаға, демократияны дамытуға бағытталған, еркін мемлекет құрғанымызды мақтан етеміз. Бірақ әр нәрсенің өз уақыты бар - демократия біз үшін жолдың аяғы емес, жолдың басы. Біз солай қарай жылжып барамыз, - деп сөзін қорытындылады Назарбаев.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?